20
August
2020
Мектепішілік ата-аналар жиналысы
2020 жылдың 20 тамыз күні «Е.Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» КММ-де «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» тақырыбында жалпыреспубликалық ата-аналары жиналысы болып өтті. Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысына 1-11 сыныптардан барлығы -275 ата-ана қатысты. Сынып жетекшілер республикалық жалпы ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтармен және презентациялармен ата-аналарды жан-жақты таныстырып, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар етті. Жалпы ата-аналар жиналысы ZOOM платформасында және WhatsApp желісінде өткізілді. Ата-аналар жиналыс соңында өз пікірлерін білдірді.








