«Бостандық және жауапкершілік» тақырыбында тәрбие сағаты » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" Education Department of Kerbulak district
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Бостандық және жауапкершілік» тақырыбында тәрбие сағаты
28
November
2025

«Бостандық және жауапкершілік» тақырыбында тәрбие сағаты




Мектебімізде 27 қараша күні интернат оқушылары арасында «Бостандық және жауапкершілік» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Шараның мақсаты — оқушыларға жеке бостандықтың мәнін түсіндіру, әрбір еркіндіктің белгілі бір жауапкершілікпен тығыз байланысты екенін ұғындыру, өз әрекетіне жауап беру мәдениетін қалыптастыру.
 Тәрбие сағаты барысында оқушыларға тақырып бойынша қысқаша түсіндірме беріліп, бостандық ұғымының түрлері (ой еркіндігі, сөз еркіндігі, таңдау еркіндігі және т. б.) мен олардың шектеулері талқыланды. Сонымен бірге жауапкершіліктің күнделікті өмірдегі рөлі, өз іс-әрекетінің салдарын түсіну, тәртіп сақтау, ортақ ережелерді құрметтеу жайлы пікірлер айтылды.