17
September
2020
Жаңа автакөліктің кілтін табыстау барысы
Бала - мемлекеттің болашағы, біздің баға жетпес байлығымыз, ең қымбат және құнды қазынамыз. Сондықтан балаларға жан-жақты қолдау мен көмек көрсету, сапалы білім, саналы тәрбие алып, жан-жақты дамуларына бар мүмкіндік жасау, дені сау ұрпақ тәрбиелеу-білім беру саласының ғана емес, күллі адамзат баласының, жалпы қоғамның басты мәселесі.
Осы орайда ауданымыздағы балаларды мектептерге тасымалдау, мектеп жанындағы интернат балаларын мәдени орындарға апару, ресурстық орталық оқушыларын тасымалдау мақсатында үлкен қолдау көрсетіліп, 5 мектепке
1. Е.Сиқымов атындағы орта мектебі
2. Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі
3. Қызылағаш ауылы І.Жансүгіров атындағы орта мектебі
4. Мамания орта мектебі
5. Абай атындағы орта мектебіне жаңа автакөліктің кілті табысталды.
Біздің Е.Сиқымов атындағы орта мектебінің ұжымы мен оқушылары бұл игі іске дән риза. Мектеп жанындағы интернаттың және ресурстық орталықтың оқушыларын тасымалдауға, оқушыларды мәдени-киелі орындарға, музейлерге, кәсіби бағдар беру мақсатында оқу орындарымен танысу үшін саяхатқа апаруға жағдай жасалғаны - зор қуаныш.
Оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды басты назарға алып, ұрпақ тәрбиесіне қолайлы жағдай жасауға ықпал етіп отырған облыс әкімі Амандық Ғаббасұлына, аудан басшыларына, аудандық білім бөліміне алғысымыз шексіз.