Мектепішілік «Best онлайн сабақ» қашықтық байқауы болып өтті. » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" Education Department of Kerbulak district
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Мектепішілік «Best онлайн сабақ» қашықтық байқауы болып өтті.
27
March
2021

Мектепішілік «Best онлайн сабақ» қашықтық байқауы болып өтті.


Педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту, кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, өзара тәжірибе алмасу және мұғалімдерге қолдау көрсету мақсатында мектепішілік «Best онлайн сабақ» қашықтық байқауы болып өтті.
Байқаудың мақсаты: мұғалімдердің орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында жоғары кәсіби құзыреттілігін көрсететін озық тәжірибелерін анықтау. Міндеттері: жаңартылған білім беру мазмұнының оқу бағдарламаларын іске асыру үшін сабақ үлгілерін дайындау, тәжірибелерін жетілдіру; видеопрезентация арқылы үздік педагогикалық тәжірибені тарату. Teachersдің педагогикалық мәртебесін арттыру үшін жағдай жасау және педагогты ынталандыру нысандарының бірі болып кәсіби шеберлік конкурстары табылады.
Байқауға 22 пән мұғалімі қатысты. Байқау қатысушыларының видеопрезентациясы мен қысқа мерзімді сабақ жоспарлары сапалы және байқау талаптарына сай жасақталған.
Байқау қорытындысына сай:
География пәнінің мұғалімі Рамазанова Багдат Сарнокасовна І орын, бастауыш сынып мұғалімі Жанат Айсұлу Қалдыбайқызы ІІ орын, тарих пәнінің мұғалімі Сүлейменов Кайрат Асанұлы ІІІ орынға ие болып, мақтау қағазымен және жүлделі сыйлықтармен марапатталды.