06
May
2019
Тарихи-өлкетану мұражайының ашылуы
2019 жылғы 6 мамыр күні Жансүгіров ауылындағы Е.Сиқымов атындағы орта мектебінде мектеп директоры, облыстық мәслихат депутаты Ибраимова Рахат Нығметбекқызының бастамасымен «Тарихи-өлетану» мұражайы ашылды. «Тарихи-өлетану» мұражайының ашылуына Board of Trusteesтің төрағасы Г.Шатырбаева мен Board of Trusteesтің мүшелері өз үлестерін қосты. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Есжанов Ғазиз Отарбайұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Рамазанов Бегімбек Сейпілмәлікұлы, облыстың және ауданымыздың Құрметті азаматы, ардагер ұстаз, мектепте бірнеше жыл басшылық қызмет атқарған Қасымбеков Нұрбек Сәрсенбайұлы, «Ақсу өңірі» газетінің тілшісі Әскен Арғынұлы, мектеп ұжымы мен оқушылар қатысты. Мектеп директоры қонақтарды мектеп өмірімен, мектеп жанындағы интернатпен, жылыжаймен, Board of Trusteesпен бірлесе атқарған жұмыстармен, қол жеткен жетістіктермен толық таныстырды. Н.Қасымбеков пен Ғ.Есжанов музейдің лентасын қиып, мектеп оқушылары өздерінің концерттік бағдарламаларын тарту етті.








