13
June
2019
«Айгөлек» жазғы тынығу лагерінің І кезеңінің жабылу салтанаты
13 маусым күні «Қош бол жайдарлы жаз» атты «Айгөлек» жазғы тынығу лагерінің І кезеңі бойынша жабылу салтанаты өткізілді. Жазғы тынығу лагерінде жайдары жаздың әр күнінің балалар үшін қуанышқа толы, жанға жайлы өтуі үшін әр күн сайын түрлі тақырыпта іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Сонымен қатар «Жаздық тілдік мақсаттағы шаралар» ұйымдастырылды. Атап айтқанда орыс тілі, ағылшын тілін балалар әр түрлі ойын арқылы естеріне түсіріп, белсене атсалысты.


