«Қыз болашағы-ел болашағы» атты декада » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" Education Department of Kerbulak district
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
15
October
2019

«Қыз болашағы-ел болашағы» атты декада

    Аудандық білім бөлімінің 01 қазан 2019 жылғы № 1114 бұйрығының негізінде, мектепішілік 03.10.2019 жылғы № 84 а бұйрығы шығарылып, іс-шара жоспары мектеп директорымен бекітілді. Жоспарға сәйкес қыздар ұйымының жетекшісі Айнұр Серікқызы «Жақсы мінез жан азығың» тақырыбында баяндама оқыды. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Гүлжан Мейрамғалиқызы 7-8 сыныптың қыздарымен «Жат діни ағым және қазақ қыздарының тағдыры» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. «Инабатты қыз-өмір көркі» тақырыбында 9-11 сыныптар арасында мектеп психологы Роза Келгенбайқызы «Инабатты қыз-өмір көркі» тақырыбында шеберлік сағат өткізді. Аудандық аурухана қызметкерлерімен 7-11 сынып қыздарымен «Жеке бас гигиенасы және ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында врач-гинеколог Назерке Сансызбаевамен кездесу өтті. Педагог-ұйымдастырушы Динара Бақтыбайқызың ұйымдастыруымен 9 сынып оқушыларымен флэш-моб өткізілді.