22
November
2019
"Балалар бақытты болсын" тақырыбында дөңгелек үстел
Мектеп кітапханашысы Ж. Мансұрова 7-сынып оқушыларымен "Балалар бақытты болсын" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Иә, "Бақыт деген-сенің бала күндерің, бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің" дей келе, оқушылар өзара пікір алмасын ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстелдің соңында "Бақыт деген не?" тақырыбында эссе жазды. Балалардың пікіріне көз жүгіртіп көрейік:
- Бақыт деген-отбасы, бақытты балалық шақ. Бақыт балалық шақтан бастау алады. Мен бақыттымын, себебі біз бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз.
- Мен бақыттымын! Дүниеде тірі жүргенімнің өзі мен үшін үлкен бақыт...
- Бақыт деген әрбір шуақты таңнын атуы, отбасымның қасымда болуы. Отбасыммен болған әр сәт, әр минут,әр күн мен үшін бақытты әрі баға жетпес алтын уақыт...
- Әр адам өмірде бақытты болуға тиіс...
Менің кішкентай достарым, қымбатты шәкірттерім! Әрдайым бақытты болыңдар!