Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" Education Department of Kerbulak district
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
17
февраль
2020

Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу

15 ақпан Ауған соғысының әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толады. Бұл күн- біз үшін тарихи күн. Ауған соғысының жылнамасы отандық жаңа тарихымыздың ең қаралы парақтарының бірі болып қала береді. Осыған орай мектебімізде 13 ақпан күні "Ауған от жалыны" тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге ауданымыздың Ауған соғыс ардагерлері М. Оспанов, Е. Шыңғожанов, О. Есімов, Е. Мүсекенов және ардагерлер алқасының төрағасы, ауданымыздың құрметті азаматы Амангелді Айтпайұлы құрметті қонақтары болып шақырылды. Кездесу барысында 10-11 сынып оқушылары саптық көрініс байқауын ұйымдастырып, сәлемдесу, адымдап жүру, саптық элементтерді жоғары деңгейде орындады. Сонымен қатар Ауған соғысы тарихынан деректер, бейнебаяндар көрсетіліп, оқушылармен тағылымы мол кездесу болды.