«Мектепке жол» республикалық акциясы » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" Education Department of Kerbulak district
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
09
September
2020

«Мектепке жол» республикалық акциясы

Корновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде қаштықтан оқыту форматында оқитын оқушыларға оқу құралдарын, сMarchфон, планшет алуға мекеме басшылары, демеушілер тарапынан бірлескен көмек ұйымдастырылды. Осы акция барысында мектеп директоры, облыстық мәслихат депутаты Р.Н.Ибраимова екі оқушыға 90 мың теңге көлемінде сотка және планшет, Ақсу аудандық «Nur Otan» партиясының филиалының төрағасының бірінші орынбасары К.Т.Дәулетбекова аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыға 40 мың теңгеге саMarchфон, мектеп ұжымы аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 6 оқушыға 50 мыңнан 300 мың теңгеге сMarchфон алып берді. Сондай-ақ, «ТауАманат» ЖШС-нің демеушілерінің атынан-50 мыңнан 3 оқушыға 150 мың теңгеге сMarchфон, мекеме басшылары спорт мектебінің директоры Б.Р.Шалапов аз қамтылған оқушыға 35 мың тенгеге планшет, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы С.А.Жакупов көмек қажет ететін отбасынан шыққан оқушыға 50 мың тенгеге сMarchфон, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімінің басшысы Ж.Б.Бейсебаев аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыға 50 мың тенгеге сMarchфон алып берді. Ауданның бас имамы Анарбай Мамбетовтың ұйымдастыруымен көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан 15 оқушыға 37.500 тенгеге кроссовка алынып берілді. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыға 30 мың теңгеге планшет алып көмек көрсетуде. Барлығы он үш оқушыға-650000 /алты жүз елу мың/ теңгеге сMarchфон, үш оқушыға-105 мың теңгеге планшет алып көмек көрсетті. Осындай жоMarch жандардың арқасында «Мектепке жол» акциясы жалғасын табуда.