"Біз осы ұлы Абайды білеміз бе?" отбасылық байқау » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" Education Department of Kerbulak district
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » "Біз осы ұлы Абайды білеміз бе?" отбасылық байқау
25
November
2020

"Біз осы ұлы Абайды білеміз бе?" отбасылық байқау

Қазақтың бас ақыны, ағартушы, философ, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, аудармашы ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына байланысты ақын шығармашылығын насихаттау мақсатында күзгі демалыс кезеңінде "Біз осы ұлы Абайды білеміз бе?" атты отбасылық байқау ұйымдастырдық.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - дегендей артына өлмейтұғын сөз қалдырған Абай Құнанбайұлының артында қалған асыл қазынасын ұрпақтан - ұрпаққа жалғап насихаттау - ортақ борышымыз.
Отбасылық байқауға оқушылармен бірге ата-аналары, қазыналы қарттарымыз, кішкентай бүлдіршіндер де ат салысты. Байқауда белсенділік танытып, қашықтан болса да мектеп өміріндегі әр шараға үлкен жауапкершілікпен қатысып, оқушыларға, ұжымға қолдау көрсетіп жүрген ата-аналарға шексіз алғыс білдіріп, отбасыларына амандық, мықты денсаулық тілейміз.