21
февраль
2022
«Қыс келбеті» тақырыбында сурет салу сайысы



21 ақпан күні мектеп жанындағы интернат оқушылары арасында «Қыс келбеті» тақырыбында сурет салу сайысы ұйымдастырылып өткізілді. Оқушылар өздерінің қиялдарындағы қыстың әдемі келбетін қағаз бетіне ерекше бейнелермен бейнелеуге тырысты. Олардың салған шыршасы, аққала жасап жүрген балалар бейнесі, түрлі қар мүсіндері – адамға керемет көңіл-кhouseсыйлайды. Жас суретшілердің суреттері қиялға бай, әдемі, табиғаттың қысқы ертегідегідей кейпін өздері қалай көріп сезінсе, сол қалпында бейнелеген. Бұл сайыста достық жеңді және барлық сайысқа қатысқан балалар тәтті сыйлықтармен марапатталды.