интернат тәрбиешілерінің "Ұлттық киім ұлттың көркі" атты сән көрсетілімі » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" Education Department of Kerbulak district
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » интернат тәрбиешілерінің "Ұлттық киім ұлттың көркі" атты сән көрсетілімі
08
февраль
2022

интернат тәрбиешілерінің "Ұлттық киім ұлттың көркі" атты сән көрсетілімі





«Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», - деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сыяпат, дипломатиялық қатынастарда ескерткіш, белгі ретінде жүрген. Ат, шапан құрметтеудің көрінісі деп бағаланған. Осыған орай оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшеліктері мен түрлерін көрсету, өз халқының салт-дәстүрін сыйлауға, құрметтеуге, мақтан етуге тәрбиелеу мақсатында 2022 жылдың 08 ақпан күні  "Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында интернат тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен "Ұлттық киім ұлттың көркі" атты сән көрсетілімі  ұйымдастырылып өткізілді. Көпшілік назарына ұлттық нақыштағы көйлектер, бас киімдер, шапандар және ұлттық аяқ-киімдер  ұсынылды. Сонымен қатар оқушылар "Қара жорға" биін билеп, қазақтың ұлттық аспаптарында ойнап, өз өнерлерін көрсетті.