17
февраль
2023
"...Мен өзім жайында шынайы айтам:
"...Мен өзім жайында шынайы айтам: мен жиырма бірінші ғасырдың құрдасымын. Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да...",-деп жазып кеткен қазақ поэзиясының асқар шыңына айналған Мұқағали Мақатаев әр оқырманның жүрегінен ойып орын алатын тұлға, ақиық ақын. Ақынның шығармашылығын оқушылар арасында насихаттау жұмысы тоқтаусыз жалғасады беруі заңдылық. Мектебімізде "Хантәңірінің мұзбалағы-Мұқағали" атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылған еді. Кеште оқушылар ақиық ақынның "Қара өлең", "Поэзия", "Отан", " Арыз жазып кетейін", "Ақ кимешек көрінсе", "Шеше, сен бақыттысың",т.б. өлеңдерін оқып, ақынның өлеңдерінің сөзіне жазылған әндерінің тарту етті.
Жсе реакции:1Тілек Мұратұлы