19
April
2018
Activity
Рухани жаңғыру аясында
Егемен еліміздің көреген көшбасшысы, сарабдал саясаткер Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы арқылы алдағы мақсаттарымызды айқындап, бағытымызды белгілеп берді. Ол-әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Елбасы Еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетінімізге байланысты,-дей келе, рухани жаңғыру тек бүгіннен басталып жатқан іс емес екенін тілге тиек етті. Шынымен де рухани жаңғыру бағытында атқарылған жұмыстар ауқымды. Оған дәлел 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштері мен нысандардың жаңаруы, 2013 жылы «Халық-тарих толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттардың жүйелі түрде жиналып, зерттелуі. Ал бүгінгі таңда ХХІ ғасырдағы ұлттық, бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы Елбасының көзқарасын терең талдап, түйсіне отырып, таяу жылдағы міндеттерді жүзеге асыру бағытында көптеген жұмыстар жүргізіліп, өзінің жемісін беруде. Ұлы даланың перзенті-біздің ұлттың құндылықтары мен мәдениетін, салт-дәстүріміз бен жалпыұлттық патриотизмді дамыту, нақты жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Рухани жаңғыру аясында орындалып жатқан «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналды. Н.Ә.Назарбаев: «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу-шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпақты, бізді қорғады»,-дей келе, туған жерге деген сүйіспеншіліктің мазмұнына кеңінен тоқталған еді. Туған жерді, елді мекенді абаттандыру, көгалдандыру, өлкетану жұмыстарын жүргізу, туған жердің тарихын оқу, демеушілік жасау, жастарға қолдау көрсету, ынталандыру арқылы әр қазақстандық өзінің туған жерін көркейтуге, елін гүлдендіруге өз үлесін қоса алады. Осы орайда жер-жерде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Жаныңда жүр жақсы адам» сынды ауқымды жобалар мемлекетіміздегі келелі мәселелерді шешуде өте маңызды болып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстардың мәні мен құндылығын өзін патриот деп есептейтін әр қазақстандық жүрегімен түсініп, жауапкершілікті шынайы сезініп, әр жобаға ат салысуда. Жыр дүлдүлі Құлагер ақын Ілиястың елі-Ақсу жұртшылығы да Рухани жаңғыру аясында осы жобалармен қатар «Туған жерге туыңды» тік акциясын жүзеге асырып келеді. Демеушілерді игілікті істерге тарта отырып, аудан әкімі Ә.Далбағаев көптеген күрделі мәселелерді шешуде аянбай еңбек етуде. Бұл игі іс әр мекеме басшысына, ауылдан шыққан шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлерге, ауданнан шыққан зиялы қауым- азаматтарға үлгі болады. Аудандағы әр білім беру мекемесі де шама-шарқынша осы бағытта жұмыс жүргізуде. Тағылымы мол тарихымызды, ұлттық салт –дәстүрлеріміз бен құндылықтарымызды, тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, өнерімен, білімімен озып шыққан адамдарды, тарихи киелі орындарды дәріптеу және қадірлеу, болашақ ұрпаққа үлгі ету –біздің қасиетті парызымыз. Біздің мектеп ұжымы да бұндай игілікті істерге үлесін қосуда. Мектеп жанынан ашылған интернат балаларына демалатын орын жасау- менің басшы ретінде алдағы қойған мақсаттарымның бірі болды. Мектепті дамыту және ұжым мүшелерін көгалдандыру және абаттандыру жұмысына жұмылдыру үшін демеушілік жасауды өзімнен бастауды жөн көрдім. Бұл бастамамды мектеп түлегі С.Жакупов та қолдап, 250 мың теңге қаражатқа оқушылар демалатын орын жасадық. 2016-2017 оқу жылында мектеп ауласы ұжым мүшелері мен түлектердің көмегімен көгалдандырылды. Мектеп ауласына алма ағаштары, қайың, қарағай мен 1500 түп гүл егілді. 2017 жылы «Мәңгілік ел» аллеясын ашып, 50 түп қарағай, шырша, туя, арша ағаштары отырғызылды. Бұл акцияға түлектер мен мектеп ұстаздары қол ұшын берді. Демеуші Ж.Тілеужанов ағамыз мәжіліс залының сахнасын жасауға көмек көрсетті. Ауданымыздың Құрметті азаматы С.Серпербаев ағамыз өзінің жеке кітапханасынан 500-ден кітапты интернат балаларына сыйға тартып, интернат жатақханасында оқырман бөлмесі ашылды. Сонымен қатар «Жаныңда жүр жақсы адам», «Киелі жерлер», «Туған жерге тағзым», «Schoolchildren арналған 50 кітап», «Қамқорлық жасауға асығайық», «Туған жердің тарихы» сынды жобаларының да жеткіншек ұрпақты патриоттыққа, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызы зор.
«Туған жердің әрбір сатысы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихынан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай –талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болатын, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс», -деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев бекер айтпаған. Шынымен де, әрбір өлкенің өзіне тән тарихы, әр кезеңнің тарихи шындығы, әр атаудың шығуына себеп болған аңыздар мен әпсаналар толып жатыр. Қазақтың әр төбешігі, әр тауы, әр өзені сырға толы. Халқымыздың заңғар жазушысы М.О.Әуезов:«Біздің қазақ жер атауы, тау атын әманда сол ортаның сыр-сиапатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай өлкеге барсаң да жер, су, жапан дүзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия жатыр»,-деген еді. Оқушылардың түрлі тақырыптардағы ғылыми-ізденіс жұмыстарына арқау болатын осындай мәліметтер жетіп артылады. Қазақта «Қарты бар ел -қазыналы ел», «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең, ауылыңда төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең» деген тамаша мақалдар бар. Кеудесі қазынаға толы қартымыз «Ақсу өңірі» газетінің редакторы, жергілікті жазушы Н.Қазбанбетовтың аузынан естіген қызықты аңыздар мен деректер талай ғылыми –ізденіс жұмысымызға негіз болды. «Ақсу ауданындағы жер, су атаулары», «Атаулардың этимологиясы мен семантикасы», «Атаулардағы халық аңызының ізі», «Қазақ есімдері», «Жетісу гидронимдеріндегі апеллятивтер», т.б жұмыстар аудан, облыс, республика деңгейінде өтілген оқушылардың ғылыми –практикалық конференцияларында, «Дарын» ғылыми жоба жарысында, «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды. Бұл жұмыстарға ғылыми тұрғыдан жетекшілік етіп, бағыт -бағдар берген І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің филология ғылымдарының кандидаты, профессор Қ.Сарбасоваға алғысымыз шексіз. Осы тақырыптар аясында оқушыларға жетекшілік етіп, облыстық тіл басқармасының ұйымдастыруымен өткен конференцияларда ономастика саласы бойынша бірнеше қабат баяндама жасап, ойымды ортаға салуы- Рухани жаңғыру бағытындағы жұмыстарға қосқан теңізге құйған тамшыдай үлесім дер едім. Ал оқушылардың шығарма, эссе байқауларындағы, өнер саласындағы жетістіктері- игі істердің жалғасы. Жарқын болашақ жастардың қолында. Алда талай мақсат, міндеттер бар. Ақиық ақын І.Жансүгіровтің 125 жылдығын өткізуге байланысты аудандық маслихат аппаратының үндеуіне қолдау көрсету, өз үлесімізді қосу мақсатында нақты шаралар жоспарлап отырмыз. «Өз елі өз ерлерін ескермесе, ел тегі алсын қайдан кемеңгерді»,- деп ақынның өзі айтқанындай, ерлерімізді, ақын–жазушыларымызды, қоғам қайраткерлерін, еңбек ардагерлерін дәріптеу– біздің азаматтық борышымыз.
Әлемдік жаһандану кезеңінде рухани құндылықтарымызды сақтап, жаңғырта отырып, рухани жан –дүниемізді, сана –сезімімізді жаңғырту–біздің дамуымыздың басты кепілі. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана–сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылып, ұлттық кодымызды сақтай отырып, заман ағымына икемделу –бүгінгі күннің талабы.
Р.Н.Ибраимова облыстық
интернатымен» КММ -нің
директоры.

маслихат депутаты
«Е.Сиқымов атындағы орта
мектебі мектеп жанындағы интернатымен» КММ -нің
директоры.