«Сынып жетекшінің рөлі – тәрбие жұмысының тетігі» атты онкүндігі
Мектебімізде «Сынып жетекшінің рөлі – тәрбие жұмысының тетігі» атты онкүндік барысында 6 «А» сынып оқушылары «Ұлы даланың ұлы биі – Төле би» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Төле бидің өмірбаяны жайлы кеңірек мағлұмат беру. Сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру. Оқушыны адалдыққа, тапқырлыққа, шешендікке тәрбиелеу. Елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту. Сынып жетекшісі: Алайдарова М.П