Мектепішілік олимпиада » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" Education Department of Kerbulak district
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
03
October
2025

Мектепішілік олимпиада

2025 жылдың 03 қазан күні 134 бұйрық негізінде мектебімізде дәстүрлі мектепішілік пән олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау, сондай-ақ олардың білім деңгейін саралау болды.
Олимпиадаға 5–11-сынып оқушылары қатысып, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гумманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өз білімдерін сынға салды.
Жарыс нәтижесінде үздік көрсеткішке ие болған оқушылар анықталып, аудандық пән олимпиадасына қатысуға жолдама алды.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әділқазылар алқасы оқушылардың білімін әділ бағалады. Олимпиада барысында оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін жан-жақты көрсете білді.
Мұндай сайыстар оқушылардың ізденісін, логикалық ойлау қабілетін дамытып, білімге деген ынтасын арттыратыны сөзсіз.