19
August
2019
Жаңа оқу жылына дайындық
Мектеп — оқушылардың білім нәрімен сусындап,бойына адамгершілік қасиеттерін сіңіретін, келешекте өмірде өз орнын айқындауға бағыт-бағдар беретін орта. Осы мектептің тазалығына, көгалдануына және жабдықталуына оқушылар мен мектеп ұжымының тигізетін әсері зор .Еңбегіне қарай өңбегі бар дегендей Білім және ғылым қызметкерлерінің Ақсу аудандық жергілікті кәсіподақ төрағасы А. А. Маралов және әдістемелік кабинеттің әдіскері Ж.Қыдырханұлы мектептер арасында «Жаңа оқу жылына дайындық» іш-шарасын ұйымдастыру игі дәстүрге айналды. Жыл сайынғы дәстүр бойынша ұйымдастырылып отыратын іс-шара биылғы жылы да өз жалғасын тапты. Бірнеше критерийлерді қамтыған тексеріс қортындысы бойынша мектеп ұжымы биылғы жаңа оқу жылына дайындық барысы бойынша жүлделі ІІ орынға ие болып, бағалы сыйлықпен марапатталды.
