Авторлық мақалалар » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
14
ноябрь
2017

Авторлық мақалалар

Рухани жаңғыру-уақыт пен заман талабы

Тәуелсіз мемлекетіміз жаңа тарихи кезең-Қазақстанның үшінші жаңғыруына аяқ басып, алдына әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатын қойып отыр. Бұл мақсатты жүзеге асыруда еліміздегі саяси реформа және экономикалық жаңғырумен қатар рухани жаңғырудың, ұлттық сананың жаңғыруының аса маңызды процесс екенін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетіп берді. Бұл мақала көзі қарақты, көкірегі ояу әр қазақстандықты елең еткізіп, салмақты ой салды. Елбасымыз уақыт пен заман талабына сай XXI ғасырдағы қоғам мен қоғамның әрбір мүшесінің санасын жаңғыртудың негізгі бағыттарын жан-жақты талдай келе, таяу жылдардағы міндеттерді де нақтылап берді. Соның ішінде ең бірінші кезекте, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жобасын ұсынып отыр. Бұл кеше ғана қозғалған мәселе емес, бірнеше жылдар бойы көтеріліп келе жатқан ұсыныс екені белгілі. 2006 жылы Елбасымыз Қазақстан Халықтары Ассамблеясының XII сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылығы мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек»,-деген еді. 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» стратегиясында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісетініміз керектігін мәлімдеді. Елбасымыз латын әліпбиіне көшіру туралы келелі мәселені әбден саралап, дәйектілік қажеттілігін көрегендікпен терең түсінгендіктен ұсынып отыр.

Еліміздің жазу үлгісінің тарихы тереңде жатыр. Біздің латын тіл мәдениетімен қатынасымыз сонау ертеден-ақ басталғанының бір айғағы-Кодекс Куманикус (лат.Codex Cumanikus), «Қыпшақ тілінің сөздігі»-қыпшық тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап. Бұл еңбектің «Орхан – Енисей жазулары» деген атпен белгілі болған руникалық жазулардың араб әліпбиіне халқымыз Ислам діні қабылдағаннан кейін біртіндеп көшкені белгілі. 1929 жылғы 7 тамызда «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылданып, 1940 жылға дейін латын әліпбиі негізінде жасалған жазу үлгісі қолданылып келді. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды.

Елбасымыз қазақ әліпбиінің тарихына үңіле отырып, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын көрсетіп берді. 2017 жылдың аяғына дейін қазақ әліпбиінің жаңа графикасындағы бірыңғай стандартты слабовидящихн қабылдау, 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептердегі оқулықтарды дайындауды тапсырды. Елбасының көтеріп отырған мәселесін ғалымдарымыз да қолдап, маңыздылығын ашып көрсетіп отыр. Филология ғылымдарының докторы, Еуразия ұлттық университетінің профессоры Шәкір Ыбыраев ағамыз латын әліпбиіне көшудегі біздің ұтатын жақтарымыз атап көрсетті: «Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кіруге тиімді жолдары ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым – қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек»,-деп латын әліпбиінің тиімділігін саралап берді. Бұл ұтымды басымдақтар латын әліпбиіне көшудің қаншалықты маңызды екенін айқындай түседі. Еліміздің мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болуы үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарас жарқын болашаққа бастайтын бағдар болып табылады. Сондықтан да Ұлт Көшбасшысының көрегендігі мен сындарлы саясатын жүзеге асыруға ат салыса отырып, еліміздің жан–жақты дамуына, өркениетті ел болуына үлес қосу–әр қазақстандықтың қасиетті борышы.

 

Ибраимова Рахат Нығметбекқызы-облыстық мәслихат депутаты,

Е.Сиқымов атындағы орта мектебінің директоры

Похожие публикации: