11
ноябрь
2024
Гуманитарлық пән бірлестігінің онкүндігі
Гуманитарлық пән бірлестігінің онкүндігі
Мектепішілік әдістемелік жұмыстың жоспарына сәйкес 2024 жылдың 11 қараша – 22 қараша аралығында гуманитарлық пән бірлестігінің онкүндігі басталды.
Мақсаты: Білім алушылардың тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, танымдық дағдыларын жетілдіру, тиімді әдіс-тәсілдер арқылы білім сапасын арттыру.
11 қараша күні пән мұғалімдері және оқушылардың қатысуымен онкүндіктің ашылуы болды. Іс-шараға 7-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойыша қойылған сұрақтарға, тапсырмаларға жауап берді. Дұрыс жауап беріп белсенділік танытқан қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.