Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
14
март
2019

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні

   Аудандық білім беру мемлекеттік мекемесінің 2019 жылғы 27 ақпандағы № 249 бұйрығының негізінде іс-шара жоспары жасалып, мектеп директорымен бекітіліп, жұмыстар жүргізілді. Жоспарға сәйкес 04-08 наурыз аралығында 2-11 сыныптар арасында « Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындағын жағдайда оқушылардың мінез-құлық қағидалары» тақырыбы бойынша сынып сағаттары өтті. 9-11 сынып оқушылары «Балалардың қауіпсіздігі-ортақ міндетіміз» тақырыбында эссе жазды, эссені өз деңгейінде жазған оқушылар 10 сынып оқушылары Байболова Шынар, Жеңіс Айнұр, 9 сынып оқушылары Тұрсын Бекбол, Балтабаева Гаухар және Самат Манас, 11 сынып оқушылары Сейілхан Еркежан, Мейіржанқызы Гүлзира. 14 нарурыз күні АӘД пәнінің мұғалімі Е.Сейфульмаликов 8 сынып оқушыларымен өрт сөндіру бөлімшесіне барып, кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап берілді. Оқушылар өрт сөндірушінің киімдерін киіп өз көздерімен өртті сөндіруде әр түрлі өртті басу сұйықтары пайдаланатынын көрді. Отты өшіруде ұнтақ түріндегі қатты от өшіру заттарды да пайдалантынын. Оларға альбумин, көмірсутекті және екі көмірсутекті сода, құм, құрғақ жер т. б. жатады. Бұлар өз салмақтарымен жанып жатқан жерді басып жану аумағымен жанушы затты бөлу арқылы өртті өшіретіні туралы нақты көз жеткізіп қайтты.
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні