«Мектепке жол» республикалық акциясы » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
09
сентябрь
2020

«Мектепке жол» республикалық акциясы

Корновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде қаштықтан оқыту форматында оқитын оқушыларға оқу құралдарын, смартфон, планшет алуға мекеме басшылары, демеушілер тарапынан бірлескен көмек ұйымдастырылды. Осы акция барысында мектеп директоры, облыстық мәслихат депутаты Р.Н.Ибраимова екі оқушыға 90 мың теңге көлемінде сотка және планшет, Ақсу аудандық «Nur Otan» партиясының филиалының төрағасының бірінші орынбасары К.Т.Дәулетбекова аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыға 40 мың теңгеге самартфон, мектеп ұжымы аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 6 оқушыға 50 мыңнан 300 мың теңгеге смартфон алып берді. Сондай-ақ, «ТауАманат» ЖШС-нің демеушілерінің атынан-50 мыңнан 3 оқушыға 150 мың теңгеге смартфон, мекеме басшылары спорт мектебінің директоры Б.Р.Шалапов аз қамтылған оқушыға 35 мың тенгеге планшет, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы С.А.Жакупов көмек қажет ететін отбасынан шыққан оқушыға 50 мың тенгеге смартфон, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімінің басшысы Ж.Б.Бейсебаев аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыға 50 мың тенгеге смартфон алып берді. Ауданның бас имамы Анарбай Мамбетовтың ұйымдастыруымен көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан 15 оқушыға 37.500 тенгеге кроссовка алынып берілді. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыға 30 мың теңгеге планшет алып көмек көрсетуде. Барлығы он үш оқушыға-650000 /алты жүз елу мың/ теңгеге смартфон, үш оқушыға-105 мың теңгеге планшет алып көмек көрсетті. Осындай жомарт жандардың арқасында «Мектепке жол» акциясы жалғасын табуда.