Есмұрат Сиқымовқа 100 жыл » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
11
апрель
2022

Есмұрат Сиқымовқа 100 жыл

Есмұрат Сиқымов 1сәуірде Ақсу ауданы Ақсу ауылында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Аталары жағынан айтылса: Найман -  Матай — Кенже — Ындыш — Ноғас — Бөстек — Сихым. Шешесі — Жәмила, Байғазы руынан. Есмұрат шешесінен  екі жасында, әкесінен  бес жасында айрылады. Содан соң, әкесінің бауыры Қиқым мен оның әйелі Қалипаның қолында тәрбиеленеді. 
     Ата–анасынан бес жасында айрылған ол, жетімдіктің тақсіретін көріп өседі.  Ол  1933 жылы, сегіз жасында Ақсудағы балалар үйіне өткізіледі. Одан ары «Мамания» мектебін, Қапал педагогикалық училищесін бітіреді. 1938-39 жылдары Ақсуға келіп өз мектебінде мұғалім болып қызмет атқарады. Содан кейін аудандық тұтынушылар қоғамына жұмысқа ауыстырылады.
      1942 жылдың наурыз айында Армия қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысы майданына жіберіледі. Армия генералы Рокоссовский басқаратын 13-армияның құрамында талай шайқастарды, оның ішінде Днепрден өту кезеңіндегі  кескілескен шайқасты басынан өткізеді. 1943 жылдың қыркүйегінде ол  Орталық майданның 13–ші армиясы  74–ші атқыштар дивизиясы  360 –шы полктің  пулемет расчетын басқаратын еді. Былайша сабырлы болса да. ол сол кездің өзінде өзін батыл да қайсар солдат ретінде көрсеткен еді. 
      Сол қыркүйек айының  23–25 күндері Сихимовтың расчеты Белорус КСР Гомель облысы Брагин ауданы  Посудово деревнясы үшін неміс фашистерімен болған шайқаста  жаудың пулемет расчетын жойып, өзі деревняға алдыңғы болып кіреді, бірақ өзі жалғыз қалады. Соған қарамастан, пулеметімен жаумен жеке айқасып, 60-тан астам солдатын жояды, деревняны негізгі күш келгенше екі сағат   ұстап тұрады. Өзі  асқан ерлікпен қаза табады. Батырдың денесін достары алып шығып, қадірлеп жерлейді.
       Сол ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  (1943).16 қазандағы Указы бойынша Есмұрат Сиқымовқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Ленин орденімен қоса марапатталды.
       Есмұрат  Сихымов батырдың есімі Ақсу ауданы орталығындағы орта мектепке, орталық стадионға және көшеге берілген.

Похожие публикации:

19 апрель 2017 Мектеп тарихы