Мектепішілік ата-аналар жиналысы » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
17
январь
2018

Мектепішілік ата-аналар жиналысы


 12 қаңтарда өткізілген мектепшілік ата-аналар жиналысы туралы

12 қаңтар күні мектебімізде ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа әр сыныптың ата-аналар комитетінің мүшелері толық қатысты. Сонымен қатар жиналысқа ауданымыздың бас имамы Манбетов Анарбай Тасболатұлы және аудандық аурухананың медициналық психологы Тобыкбаева Салтанат Мырзабаевна арнайы шақырылды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Дәуренбекова Гүлнәз Намазбекқызы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлыбекова Гүлжан Мейремғалиқызы 2017 – 2018 оқу жылының І жартыжылдығының қорытындысымен және алға қойған міндеттерімен таныстырды. Жиналысқа қатысушыларға бас имам Манбетов Анарбай Тасболатұлы «Дін туралы не білеміз?» тақырыбында баяндама оқыса, медициналық психологы Тобыкбаева Салтанат Мырзабаевна «Суицидтың алдын алу» тақырыбында баяндама оқып, кеңес берді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Г.М. Нұрлыбекова ата-аналармен «Мектептің ата-анамен қоғамдастығы» тақырыбында коучинг өткізді. Жиналыстың соңында мектеп оқушылары қонақтарға арнап концерттік номер көрсетті.

 

Жиналыстан көрініс Мектеп директоры Рахат Нығметбекқызы келген қонақтармен таныстыруда

 

  

Ауданның бас имамы Манбетов Анарбай Тасболатұлы ата-аналарға дін және терроризм туралы пікір алмасты.

   

  

Ақсу аудандық ауруханасының медициналық психологы Тобыкбаева Салтанат Мырзабаевна 

 

 

  

ДТІЖО Гүлжан Мейрамғалиқызы «Мектептің ата-анамен қоғамдастығы» тақырыбында коучингті жоғарғы дәрежеде өткізді. 

 

 

  

Мектеп интернат оқушыларының концерттік нөмерінен көрініс, концерт жоғарғы деңгейе өтті

 

Похожие публикации: