24
январь
2023
"Іскер ана-икемді қыз"
Мектебімізде қаңтардың 20 күні "Іскер ана-икемді қыз" атты тақырыпта 6 сынып оқушыларының қыздар тобы өз апа, әжелерін қонаққа шақырып, тоқыма тоқу, киіз басу, кесте тігу өнерлерін үйренді. Мұндай форматтағы шебер сыныптардың негізгі мақсаты: ата-ана, мұғалім, оқушы арасындағы сабақтастықты нығайту, ұрпақ сабақтастығын жаңғырту. Сабақ барысында әжелеріміз іс тіге отырып, қыздарға ақыл-кеңесін, ұлағатты әңгімелерін айтты.