23
январь
2023
“Білім баспалдағының шыңы - бастауыш” тақырыбында онкүндігінің ашылуы

Қаңтар айының 23-і күні “Болашақ” бастауыш сынып пән бірлестігінің “Білім баспалдағының шыңы - бастауыш” тақырыбында онкүндігінің ашылуы өтті. Ашылу барысында бастауыш сынып оқушылары білім, отан, ұстаз жайлы тақпақ, ән айтып өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар оқушылардың қолдан жасалған бұйымдарынан көрме өткізілді. Бастауыш сынып ұстаздары түрлі тапсырмалар әзірлеп оқушыларға ұсынды. Ашылу салтанатының соңында мектеп директоры Р.Н. Ибраимова оқушыларға сәттілік тіледі.