01
февраль
2023
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
Ақпан айының 1-2 күндері «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектебімізде оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру мақсатында жүргізіліп жатқан жобаның І жарты жылдық қорытынды іс-шаралары өткізілді. Іс-шарада «Қуыршақ» театрына 2 «а» сыныбы «Бауырсақ» ертегісін, 2 «ә» сыныбы «Үйшік» ертегісін, 3 «а» сыныбы «Жеті лақ» ертегісін, 3 «ә» сыныбы «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін, 3 «б» сыныбы «Иттің өзіне дос іздеуі» ертегісін, 4 «а» сыныбы «Ұр тоқпақ» ертегісін, 4 «ә» сыныбы «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісі бойынша қойылымдарын сахналаса, 5-8 сынып оқушылары Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда», С.Мұратбековтың «Жусан исі», Д.Мусановтың «Бөрібай батыр», «Абылай ханның дүниеге келуі» аңызы, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Еңлік – Кебек» пьесасы бойынша сахналық қойылымдарды көрсетті. 9 сынып оқушылары Д.Исабековтың «Әпке» драмасы бойынша пікірсайысқа түсті. 10-11 сынып оқушылары М.Мақатаев, М.Шаханов, Қ.Сарин және т.б. ақын жазушылардың шығармаларын жатқа оқып, поэзиялық кешін ұйымдастырып өткізді.




