«Бақытты ұрпақ, нұрлы жаз-2018» » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
20
август
2018

«Бақытты ұрпақ, нұрлы жаз-2018»

«Бақытты ұрпақ, нұрлы жаз-2018»

 

Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерге барамыз, - деп оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерлерге баруға асығады. Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз. Біздің «Е. Сиқымов атындағы мектеп, мектеп жанындағы интернатымен КММ-нің жанынан ашылған «Айгөлек» жазғы демалыс лагері екі ауысым бойынша жұмыс жасады. Бірінші аусымда-58 оқушы, екінші аусымда-68 оқушы қамтылды.

Жаздың шуақты күндерімен бірге балалар лагерлері де өз жұмыстарын бастады.Жазғы демалыс маусымы — балалар үшін ерекше қуанышты сәт. Балалардың демалысын тиімді өткізу және оларды лагермен қамту жыл сайын дәстүрге айналған шара.

Іс - шараларды ұйымдастыруына сәйкес «Айгөлек» лагері өз қызметіне мына бағыттағы іс - шараларды атқарды:

-Салауатты өмір салтына баулу;

-Эстетикалық тәрбие;

-Азаматтық - патриоттық және ұлттық тәрбие;

-Тәрбие беру - сауықтыру жұмыстары;

-Спорттық шаралар.

«Айгөлек» лагері өзінің алдына міндеттер мен мақсаттарын белгілеп, бағдарлама негізінде жұмыс жоспарлары жасалынды.

«Халықаралық Балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған іс- шараларды тамашалауға «Балалар мерекесі» атты көңілді ойындар өткізілді. Онда «Қырықаяқ», «Көгалдағы хоккей», «Әр заттың өз орны бар», «Солтүстік полюс» атты көңілді ойындар, түрлі массалық билер, ертегі кейіпкерлерінің қызықты қойылымдары өтті. Мереке соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды. Жазда балалар таза ауада көп серуендейді. Осыған орай «Көше ережесін білесің бе?» атты тәрбие сағаты ойын-сайыс түрінде өткізілді. Онда балалар жолда жүру ережесін қайталап, топтық сайысқа түсті. Тақырыпқа байланысты жұмбақтар, мақал-мәтелдер сайыстары өткізілді. «Қоршаған орта күніне» арналған саябаққа серуен ұйымдастырылды. Таза ауада түрлі қызықты ойындар балалардың қызығушылықтарын арттыра түсті. Сонымен қатар «Ешкім де, ешқашан ұмытылмас» деген ұранмен оқушылар Кеңес Одағының батырлары мен Еңбек ардагерлерінің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, батырлардың өмірімен таныса отырып, ол кісілердің ерліктері туралы ақпарат жинақтады.

«Туған елдей, ел болмас» дей келе, өзіміздің туған ауылымыздағы көрікті ғимараттарға саяхат жасай отырып, олардың қандай қызмет түрлерін көрсететінімен танысты. Ойындар арасында мектеп медбикесі, кітапханашы және дене шынықтыру мұғалімдері ат салысты. Мектеп медбикесі жеке бас тазалығына байланысты әңгімелер жүргізді, мектеп кітапханашысы оқушыларға әртүрлі қызықты ертегілерді оқып, әдеби кітаптарды оқуға баулыды. Дене шынықтыру мұғалімдері спорттық іс – шаралар жүргізді. «Кітап – жан азығы» атты оқушыларға арналған мәдени іс – шарада, оқушылармен аудандық Молықбай мәдениет үйінде орналасқын орталық кітапханаға саяхат жасап, орталық кітапхана кітапханашыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, ардагер ұстаз, ауданның құрметті азаматы Құрманғалиева Бақыт Нұрсейітқызымен кездесу өткізіліп, пікір алмасып, оқушыларға тәрбие – тәлім туралы көптеген ақпараттар берілді. «Сиқырлы қалам» асфальтке сурет салу мақсатында оқушылар қол шеберліктерін көрсетіп, түрлі суреттер сала отырып, ойларын сурет арқылы жеткізе білді. «Әнші болам мен ертең» - өнер адамдарының шығармашылықтарымен танысып, жұмыс орындарына саяхат жасадық.

«Жаздық тілдік мақсаттағы шаралар» жоспарына сай орыс тілі пәнінің мұғалімі Б.Т.Рысдаулетова «На природе» атты тақырыпта саяхат жасап, орыс тілін үйренді, еске түсірді. «Деревья и растения» тақырыбында өсімдіктер атауларын үйреніп, өлең-тақпақтар жаттады. Орыс тілінен кейін оқушылар ағылшын тілін еске түсіруге кірісті. Оларға ағылшын тілі пәнінің маманы, аудармашы, мектебіміздің түлегі Аяулым Кабулова көмектесіп, «Happy English» тақырыбында әңгіме жүргізді. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі З. Нүсіпхан «Who is the bect» тақырыбында әңгіме жүргізіп, ойындар ойнатты. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Самихова Г.К.«Фрукты и овощи» атты тақырыпта орыс тілін үйренуді, еске түсіруді жалғастырды. Сабақтан ерекше әсермен шыққан балалар «Епті, жылдам, алғыр» атты спорттық жарысқа да белсене ат салысты.

Осылайша лагердің әр күні мәнді де сәнді өтті. Бұл тұста балалардың демалыс күндерін қызықты өткізуге үлес қосқан тәрбиешілердің еңбектерін ерекше атап өтіп, жоғары бағалауға болады. Атап айтатын болсақ, Р.Т.Байдалинова, А.А.Қасымбекова, А.Н.Жиенбаева, Р.Н.Ахмолдаева, Н.О.Аубакирова, Ф.М.Иманқожанова. Олар лагердің қызықты, көңілді өтуіне аянбай, шаршамай өз үлестерін қосқаны байқалып тұр. Осылайша «Бақытты ұрпақ, нұрлы жаз-2018» тақырыбында өткен «Айгөлек» лагері-оқушылар көңілінен шығуда.

 

«Е.Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернатымен»КММ-нің директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, Г.М. Нұрлыбекова

 

 

 

 



                                              Орыс тілі пәнінің мұғалімі Б.Т.Рысдаулетова сабақ беру сәті

 



                                                                                       Жарыстан көрініс



 


                                                             Бақыт Нүрсейітқызымен кездесу сәті