03
декабрь
2018
Республикалық науқан "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"
Е.Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернатымен КММ-де 12-23 қараша аралығында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқан өткізілді. Науқан барысында «Бақытты отбасы» тақырыбында фотоконкурс өтті. 9-11 сынып оқушылары «Әлемді зорлық-зомбылықсыз құру жолдары» тақырыбында эссе жазды. Адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы түсіндіру мақсатында мектеп психологі Баймолдаева Роза оқушылармен тренинг өткізді. Мектептің әлеуметтік педагогы Молдабекова Гүлім 8-10 сынып оқушыларынан сауалнама алды. Әр сыныптарда тәрбие сағаттарын өткізу арқылы оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат берілді. Оқушыларымызды жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстатып, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасалынды.