"Тәуелсіздіктің таң нұры" әдеби сазды кеш » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
13
декабрь
2018

"Тәуелсіздіктің таң нұры" әдеби сазды кеш

"Тәуелсіздіктің таң нұры" әдеби сазды кеш
"Тәуелсіздіктің таң нұры" әдеби сазды кеш
"Тәуелсіздіктің таң нұры" әдеби сазды кеш
"Тәуелсіздіктің таң нұры" әдеби сазды кеш

"Тәуелсіздіктің таң нұры" әдеби сазды кеш



2018 жылдың 12 желтоқсан күні Е.Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатында Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздіктің таң нұры» атты әдеби-сазды кеші болып өтті. Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсетіп, елін, жерін сүюге, Отанымызды қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу мақсатындағы іс-шара директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Нұрлыбекованың ұйымдастыруымен өткізілген болатын. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерекесі күніне арналған салтанатты жиында 2 және 5-сынып оқушыларын республикалық «Жас ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданды. Әдеби-мерекелік кешімізде мектеп директоры, облыстық мәслихат депутаты, «Шоңай-батыр» БПҰ-ның төрайымы Ибраимова Рахат Нығметбекқызы мектеп ұжымын, оқушылар мен қызметкерлерді Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Мерекеге орай «Тәуелсіздік- шұғылалы таңдарым» тақырыбында әр сынып қабырға газеттерін шығарды. Кешті 10-сынып оқушылар Шаймерден Бейбіт пен Ілияс Аружан жүргізіп отырды. Осы сәтте 6-сынып оқушылары тәуелсіздік туралы өлеңдерін айтса, 7-11-сынып оқушылары өздерінің арнауларын оқыды. Мерекелік кеште 7Ә сынып оқушысы Серікқызы Сабина, 5Ә сынып оқушысы Мақатай Фатима, 10-сынып оқушысы Жеңіс Аманжол мерекелік ән айтты. «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында арнайы дайындалған бейнематериал мен көрініс көрсетілді. Кеш соңында музыка пәнінің мұғалімі С.Мухамедиев «Қазағым менің» әнін орындады. Тәуелсіздік күніне арналған шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.