Облыстық семинар » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
03
март
2020

Облыстық семинар

    2020 жылдың 28 ақпан күні "Е. Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" КММ-де "Ауыл жағдайында мектептің, мектеп жанындағы интернаттың және ресурстық орталықтың жұмысын үйлестірудің педагогикалық-психологиялық шарттары" тақырыбында облыстық семинар болып өтті.Семинар мектеп, мектеп жанындағы интернат, ресурстық орталықтың жұмысын үйлестірудің негізгі бағыттарын көрсетуді мақсат етті.
   Семинарға келген қонақтарды мектеп директоры, Алматы облыстық мәслихат депутат Ибраимова Рахат Нығметбекқызы мектеппен, мектеп жанындағы интернаттың жағдайымен, ресурстық орталықтың жұмысымен, жылыжаймен, моншамен, мұражаймен таныстырды. Семинарды облыстың білім басқармасының басшысы Омарова Майгүл Тлеутайқызы құттықтау сөзбен ашты. "Менің мектебім-менің мақтанышым" тақырыбында бейнебаян көрсетіліп, мектеп директоры Р. Н. Ибраимова "Мектептің үш жақты қызметін үйлестірудің менеджменті" тақырыбында таныстырылым жасап, мектептің үш жақты қызметін басқару және ұйымдастыру жолдарын көрсетті.
   Семинар барысында ортақ тақырыптар бойынша кіріктірілген шебер сыныптар көрсетілді. 9-сыныпта "Вирустар-олардың құрылымдық ерекшеліктері" тақырыбында биология, медицина, химия, информатика, қазақ тілі - бес пән кіріктірілсе, 4-сыныпта "Қоршаған ортаны қорғаймыз" тақырыптарында әдебиеттік оқу, дүниетану, ағылшынтілі - үш пән кіріктірілді. География пәнінен 7 - сыныппен "Дүниежүзінің тарихи - мәдени аймақтары" тақырыбында Б. Рамазанова, 10- сыныппен " Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі" тақырыбында А.Құрайыш шебер сыныпты жоғары деңгейде өткізді. А.Қыдырманованың 9-сыныппен өткізген оқырмандар конференциясы көпшіліктің көңілінен шықты. Интернат оқушыларының сән үлгілері, шағын ансамбль, концерттік бағдарлама қонақтарға ерекше көңіл - кдомсыйлады.