29
январь
2020
"Лучший бастауыш сынып мұғалімі" байқауы
27 қаңтар күні мектебімізде "Лучший бастауыш сынып мұғалімі" байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты: шығармашылықпен жұмыс істейтін, ой өрісі биік, өзіндік жаңашыл идеясы бар, креативті, педагогикалық мәдениеті жоғары мұғалімді анықтау және өзара тәжірибе алмасу. 1-кезең: өзін-өзі таныстыру, 2-кезең: оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту-модель қорғау, 3-кезең: "Жаңашыл ұстаз-заман талабы" портфолио қорғау. Осы кезеңдер бойынша, әр қатысушы өз жұмысын жан-жақты таныстырып, модельдерін қорғады. Кәсіби байқау-өзара тәжірибе алмасуға және кәсіби шеберліктерін шындауға септігін тигізетін маңызды шара. Нәтижесінде 3"Ә" сынып мұғалімі М. Мухамадиева жеңіске жетіп, аудандық байқауға жолдама алды.