"Best сынып жетекші - 2022" байқауы » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" Education Department of Kerbulak district
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
16
февраль
2022

"Best сынып жетекші - 2022" байқауы




Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, жалпы білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субьектілерінің құзырлығын дамыту мақсатында мектеішілік жоспарға сай  «Best сынып жетекші-2022» байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Кәсіби деңгейі жоғары, шығармашыл және талантты тұлғаны анықтау, сыныптың тәрбиелік тәжірибесін басқару субьектісі ретінде сынып жетекшілерінің шығармашылық тәжірибесін айқындау арқылы тәрбие жүйесінде озат педагогикалық тәжірибесін анықтау, тәрбие жүйесінде инновациялық және шығармашылық идеяларын көрсету болып табылады. Байқау 4 кезеңнен тұрды.
1.Таныстыру кезеңі 
2. «Мен-сынып жетекшісімін» сыныптың және сынып жетекшісінің шығармашылық тұсаукесері (презентациясы)
3.А-4 форматындағы сынып туралы жарнамалық буклет – сынып жұмысының міндеті мен мақсатын айқындау, сынып ұжымының ерекшелігі, девизі, сынып дәстүрі және т.б.
4.Қатысушы өзі таңдаған еркін тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізу.
Мектеп директоры Ибраимова Рахат Нығметбекқызы  ұстаздарымызға өзінің жылы лебізін білдіріп,  байқау нәтижесі бойынша 
 1. Бірінші орын 10 «Ә» сынып жетекшісі Нүсіпхан Зейнеп Мұқанқызы
2. Екінші орын 7 «Ә»  сынып жетекшісі Сейденова Мадина Әсетқызы
3. Үшінші орын 9 «Ә»  сынып жетекшісі Маукенова Альмира Нұрхаметқызы
Байқауға қатысушыларды ынталандыру және марапаттау мақсатында «Шебер жетекші» 10 «А» сынып жетекшісі Суюмбаева Айнур  Серікқызы, «Ізденімпаз жетекші» номинациясын  8 «Ә»   сынып жетекшісі Елубаев Азамат  Елубайұлы, «Парасатты жетекші» номинациясын 9 «Ә» сынып жетекшісі Бакимбаева Гүлмира Мұқаметқажықызын
марапаттармен марапаттап, бағалы сыйлықтарын табыстады.