"Есіңе мені алғайсың" атты әдеби-сазды кеш » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" Education Department of Kerbulak district
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
04
March
2024

"Есіңе мені алғайсың" атты әдеби-сазды кеш

Мұқағали - мәңгілік ғұмыр.
Қысқа ғана өмірінде артына ғасырдан, ғасырға жететін мол мұра қалдырған ақын М. Мақатаевтың жұмбақ әлеміне бір сәт үңілсек, оның жырларынан әулиелік, данышпандық керемет бір қасиет бар екені байқалады. Ақын "Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім" дегенінен ақ, өлең өнерінің мәңгілік екенін байқауға болады.
Осы орайда 9 ақпан ақынның туған күнінде мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен "Есіңе мені алғайсың" атты әдеби-сазды кеш өткізілді.
Кештің мақсаты:
М.Мақатаев өмір жолымен, шығармашылығын оқушыларды таныстыру, Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу, оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту.
Кеш барысында оқушылар ақын шығармаларын жатқа оқып, өмір жолдарын таныстырып, шығарма үзіндісінен көрініс қойылып, әсем әндерін керемет орындады.Оқушылардың белсенділігі көпшілікті тәнті етті.
Ақиық ақынымыздың өнегелі өмірі мен сыршыл шығармаларын насихаттау жолындағы жұмыстарды шәкірттеріміз жалғастыра беретін болады.
#Біртұтастәрбие
#облыстықбілімбасқармасы