24
October
2024
«Тәуелсіздік – ел тірегі» тақырыбында сурет салу байқауы

2024 жылдың 17 қазан күні мектеп жанындағы интернатта 5-9 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік – ел тірегі» тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді. Шара мақсаты – балаларды өнерге баулу, туған елге, жерге деген сүйіспеншілікті және махаббатты одан әрі ояту, ұлттық бірлікке тәрбиелеу, сонымен қатар дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға көмектесу. Әрбір суреттің ерекшелігі мен мағынасы бар және зор ынтамен салынған. Сонымен қатар салынған суреттердегі тәуелсіздік тақырыбы сан қырынан баяндалған. Интернат оқушыларының жұмыстары бағаланып, жүлделі орындармен марапатталды.