03
September
2019
Мәңгілік Ел - мәңгілік тіл
2019 жылдың 02 қыркүйек күні мектебімізде гуманитарлық пән бірлестігінің онкүндігі "Мәңгілік Ел - мәңгілік тіл" деген тақырыпта онкүндіктің ашылуы салтанатты түрде өтті. Ашылу салтанатында оқушыларымыз тіл туралы өлеңдер оқып, көрініс көрсетті. Пән мұғалімдері ән айтып, өз өнерлерін ортаға салды. Онкүндіктің жоспары бойынша өткізілетін іс-шаралармен таныстырды.


