18
September
2025
Шығармашылық топ "ҚМЖ құрудың 5 қадамы: нәтижелі сабақтың формуласы"
18.09.2025 ж шығармашылық топ жұмыс жоспарына сәйкес Ш.Н.Бейсембаева "ҚМЖ құрудың 5 қадамы: нәтижелі сабақтың формуласы" тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті.
Мақсаты: мұғалімдердің қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ) құрудағы кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқу мақсатынан күтілетін нәтижеге дейінгі сабақ құрылымын тиімді жоспарлауға үйрету және нәтижеге бағытталған сабақ жобалаудың 5 негізгі қадамын меңгерту.
Күтілетін нәтиже:
* Мұғалім ҚМЖ құрудың кезеңдерін жүйелі меңгереді;
* Сабақ мақсатын дұрыс тұжырымдап, нәтижеге бағыттай алады;
* ҚМЖ құрылымында саралау, бағалау және құндылықтар көрініс табады;
* Мұғалім заманауи цифрлық және әдістемелік құралдарды қолдана алады;
* Нәтижесінде сабақтың сапасы мен оқушы белсенділігі артады.
