02
февраль
2023
Мектепішілік онкүндіктер
Мектепішілік онкүндіктерді жүйелі түрде өткізу мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін шыңдай түсетіні белгілі. Мұғалім онкүндік барысында ең үздік сабақтарын көрсетуге тырысады. Алайда бұл күнделікті сабаққа немқұрайды қарауды меңземейді. Мұғалім қызметіндегі ең маңызды дүние- сабақ. Әр сабақтың сәтті де қызықты өтуі мұғалімнің үлкен жетістігі дер едім. Онкүндіктердің барысында мұғалімдердің үздік деген сабақтарын бақылау, бірлесе талдау, өзіндік талдау жүргізу, проблеманы анықтау, оқушылар мен мұғалімнің іс-әрекетін, өзара қарым-қатынасын бақылау, оқу мақсатына жету жолындағы іс-әрекеттерді бақылау, сыншы дос ретінде тиімді ұсыныс жасау арқылы ортақ пікірге келіп жатамыз.
и ещё 8
Жсе реакции:4Шұғыла Бейсембаева, Альмира Маукенова и ещё 2