Мектепішілік семинар » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
27
март
2021

Мектепішілік семинар



2021 жылдың 21 қаңтар күні мектепішілік оқу-тәрбие жұмысының ғылыми-әдістемелік жұмысының әдістемелік қызметінің жылдық жоспарына сәйкес zoom платформасында директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ардагүл Нұрханқызы және шығармашылық топ жетекшісі Шұғыла Нұркасымқызының ұйымдастыруымен семинар өткізілді. Семинарға барлығы 26 педагог қатысты.
Семинар барысында Ш.Н.Бейсембаева семинар жоспарымен таныстырып өтті. Мектеп психологі Роза Келгенбайқызы «Оқушыларды штаттық режимде оқу үдерісін ынталандыру жолдары» тақырыбында таныстырылым жасады. Таныстырылым кезінде оқу үдерісін ынталандырудың ұтымды жолдарын айтты.
Грамматикалық тақырыптарды лексикалық тақырыптармен сабақтастырудағы шеберлік, оның әдістері туралы толық мәлімет және тәжірибеде қолдануға үйрету мақсатында ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері «Грамматикалық тақырыптарды лексикалық тақырыптармен сабақтастырудағы шеберлік» тақырыбында таныстырылым жасап, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Грамматикалық тақырыптарды меңгертуде Нүрия Тұрсынқызы ән шумақтарын қолданса, Мадина Әсетқызы ойын түрлері мен ұяшықтардағы сөздерді тапқызуды тиімді қолданатындығын, Думан Айдынұлы тұрақты сөз тіркестері мен сөйлемдер, рөлдік ойындар арқылы өткізсе, Зейнеп Муханқызы ертегілер арқылы өткізетіндігін айтып, тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға қатысушыларға әдістемелік көмек көрсетілді, шығармашылықтарын шыңдап, өзара ой бөлісті.