Семинар-практикум өткізілді » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
27
март
2021

Семинар-практикум өткізілді


Интербелсенді әдістер мен саралау тапсырмаларының оқушылардың білім сапасын арттырудағы рөлі
2021 жылдың 27 қаңтар күні әдістемелік көмек ұйымдастыру мақсатында zoom платформасы арқылы директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ардагүл Нұрханқызы және шығармашылық топ жетекшісі Шұғыла Нұркасымқызының ұйымдастыруымен семинар-практикум өткізілді. Семинарға барлығы 24 педагог қатысты.
Семинар-практикумда ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Д.Естаев 6А сыныбымен «Types of holidays and holiday activities» тақырыбында және Ш.Бейсембаева «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы» тақырыбында 8Ә сыныбымен сабақ өткізді. Өз сабағында Шұғыла Нұркасымқызы «Таза тақта», «Суреттер сыр шертеді» және саралау тапсырмаларын орындатуда «Ұяшықтар сөйлейді» әдісін тиімді қолдана білді.
Тәжірибе алмасу алаңында А.Кыдырманова «Оқу үрдісінде саралап оқытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында таныстырылым жасады.
Әдістемелік күн қорытындысында пән мұғалімдері кері байланысқа түсіп, не нәрсенің тиімді, ненің тиімсіз екенін талқылай отырып, пікір алмасты. Қорыта келе, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ардагүл Нұрханқызы іс-тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген әдістемелік семинар оқушылардың білім сапасын арттырып, функционалдық сауаттылығын сапалы дамыту мен мұғалімнің кәсіби қызметін жетілдіру жолдарын ары қарай дамытуда ықпалы зор екенін атап өтіп, әлі де әдістемелік жұмыс нәтижелерін жүзеге асыру керектігі жайында әдістемелік көмек көрсетті.