04
ноябрь
2024
Мектепішілік ғылыми жобалар байқауы
Мектепішілік әдістемелік жұмыстың жоспарына сай мектепте мектепішілік ғылыми жобалар байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты: оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету. Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру мақсатында өткізілген іс-шарада оқушылар өз жұмыстарын қорғады. Пән мұғалімдері тарапынан кері байланыс берілді. Оқушылардың үздік зерттеу жетістіктері мен өнертабыстарын көрсету және насихаттау мақсатында көрсетілген жұмыстар аудандық ғылыми жоба жұмысында қорғалатын болады.