Алғыс айту- парызым! » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
27
февраль
2019

Алғыс айту- парызым!

2019 жылдың  27 ақпан күні Е.Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатында Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту- парызым!» атты әдеби-сазды кеші болып өтті. Қазақстан  Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  1998 жылғы  20 қаңтардағы №3827 Жарлығында  1 Наурыз – Алғыс  айту  күні болып  жарияланғаны бәрімізге мәлім. Алғыс  және ризашылық  сөзінің мән-мағынасын  түсіну, өзінен  үлкендерге деген сыйластық қарым-қатынасын  дамытып, әдептілікке,  ізеттілікке  тәрбиелеу мақсатындағы іс-шара 8-сынып жетекшісі А.Кыдырманова мен практикант А.Махамбеттің ұйымдастыруымен өткізілген болатын.

-Алғыс кімге, не үшін айтылады? Әрине, ата-анаңа, атаңа, апаңа, мәпелеп асырағаны үшін, мұғалімге білім-тәрбие бергені үшін, Отан соғысы ардагерлеріне жеңіс үшін, досыңа көмегі үшін, жалпы- жақсылық пен көмекке алғыс айтылатынын білеміз.

         Әдеби-мерекелік кешімізде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Нұрлыбекова  мектеп ұжымын, оқушыларды Алғыс күнімен құттықтады. Мерекелік іс-шара 8-сынып оқушыларының қатысумен өтті. Кешті «Білім» гуманитарлы-техникалық колледжінің ІV курс білім алушысы, практикант Махамбет Аяулым жүргізіп отырды. Тәрбие сағатында оқушылар жұмбақ арқылы сынып сағатының тақырыбын ашып, «Автограф» әдісі арқылы бір-біріне тілектерін айтты. Кеш барысында Д.Исабековтың «Әпке» драмасы мен М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бойынша көрініс көрсетілді. Мерекелік кеште 8А сынып оқушылары Шаймерден Нұрай «Жетім қыздың монологін» және Ерғали Айгерім «Соқыр ана» өлеңін мәнеріне келтіре оқыса, Оңал Гүлмира «Алға Қазақстан» әнін айтты. «Алғыс айту- парызым!»тақырыбында арнайы дайындалған бейнематериал да  көрсетілді. Кеш соңында сынып оқушылары әр ұлттың тілінде рахметтерін айтып әдеби-кешті қорытындылады. Алғыс айту күніне арналған шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Адам  алғыс  пен  ризашылықты  естіген  сайын, жақсылық  жасағысы  келіп тұратыны анық. Табиғат  Анаға  мейірімді  күні  үшін, аппақ  қары  үшін, жақын  адамдарыңа  жасаған  қайырымдылығы  үшін, жасаған  жақсылығы  үшін  алғыс  айтуды  ұмытпайық.

Алғыс айту- парызым!