"Нұр отан" партиясына 20 жыл » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
01
март
2019

"Нұр отан" партиясына 20 жыл

1 наурыз Алғыс айту мерекесімен қатар «Нұр Отан» партиясына 20 жыл толды. Осыған орай «Шонай батыр» бастауыш партия ұйымында жиналыс өткізілді. Жиналысқа «Шонай батыр» БПҰ –ның 6 топ мүшелері толығымен қатысып отырды. Алғашқы болып Облыстық мәслихат депутаты, «Шонай батыр» бастауыш партия ұйымының төрайымы, «Е.Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» КММ-нің директоры Р.Н.Ибраимова сөз алып БПҰ – ның мүшелерін құттықтап бастады. Құрметті партия мүшелері! Сіздерді "Нұр Отан" партиясының 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз. Барша қазақстандықтарға татулық пен бақ-берекеге жəне Отанымыз-Қазақстан Республикасының ұлы болашағы жолында барлық игі мақсаттарға қол жеткізулеріңізді тілейміз. Елбасының сындарлы саясатын жүзеге асыруға ат салысып, партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін орындауға қатысып, азаматтық белсенділік танытуға ат салысайық.
Барлық заманда рухани құндылықтар адам қоғамы мен мемлекеттің дамуын негіздеуші күш болып табылады. Қоғамдар мен мемлекеттерде орын алатын саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер рухани құндылықтардың тікелей ықпалымен жүзеге асады.
Қазіргі таңда жаһандық қауіптер мен қатерлер, елдердің өзара бір-біріне тәуелділігінің артуы рухани құндылықтардың жасампаздық сипатын жаңа деңгейде қажет етіп отыр. Осы ретте жақсылық пен әділеттілілік, төзімділік пен сенім, сүйіспеншілік пен патриотизм, өзге этностар мен дәстүрлерге құрметпен қарау сияқты мәңгі өшпейтін рухани-адамгершілік құндылықтар әлемнің барлық елдерінің күн тәртібіне шығып, ел басшылары тарапынан нақты қадамдар жасауды талап етуде.
Бұл жаһандық үрдістен еліміз де қалыс қалған жоқ. Турасын айтсақ, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел тәуелсіздігінің бастапқы күндерінен-ақ рухани құндылықтарды мемлекеттілігіміздің тірегіне айналдырды. Сан алуан түсініктері мен сенімдері бар Қазақстан халқының келісімі мен бейбіт әріптестігі мемлекетіміздің саяси тұрақтылығының сақталуы мен нығаюына, экономикасының қаулап дамуы мен әлеуметтік өрлеуіне жағдай жасады.
Адам үшін рухани құндылықтардың қажеттілігі әрдайым өзгеріссіз қала бермек. Өмір бағдарының бірі ретінде рухани құндылықтар адам баласына қоршаған ортаны тануға, өз тіршілігінің мән-мағынасын табуға, өзіндік даму мен жетілуге жәрдемдеседі. Дәстүрлі діндер рухани ағарту, тәрбие мен салт-дәстүрлерді сақтау мен жеткізу жолындағы маңызды факторлардың бірі әрі бірегейі болып табылады – деп өз сөзін аяқтады.
"Нұр отан" партиясына 20 жыл
"Нұр отан" партиясына 20 жыл
"Нұр отан" партиясына 20 жыл
"Нұр отан" партиясына 20 жыл
"Нұр отан" партиясына 20 жыл