«Нұр Отан» партиясының 18 съезі » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
06
март
2019

«Нұр Отан» партиясының 18 съезі

   Тәуелсіздік мемлекетіміздің тарих беттері тағы бір аса маңызды датамен толықтырылды. Бұл «Нұр Отан» партиясының кезекті 18 съезі. Бұл съез алдағы 10- жылдықта жүзеге асыратын аса маңызды мақсаттарды айқындап, «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасын бекітіп берді. Әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін сапалы арттыру үшін елді жүйелі жаңғырту басты мақсатымыз болса, бағдарлама мемлекет қызметінің барлық салаларына енгізіліп, ешкім де назардан тыс және қолдаусыз қалмауы тиіс. «Нұр Отан» партиясы біздің көшбасшымыз айқындаған стратегия шеңберінде елге жетекші саяси күш ретінде өзінің негізгі күш -жігерін жетістікке жетуге бағыттайды. Сьезд жұмысында партия төрағасы Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасында көрсетілген 10 нақты мақсатқа кеңінен тоқталып, халқымыздың тұрмыс сапасын арттыруға және еліміздің әлеуметтік жағдайын дамытуға байланысты міндеттерді орындаудың қажеттілігін айтты.
Соның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы көпбалалы отбасыларды қолдау үшін көпбалалы отбасылардағы әр балаға 20789 тенге сомасында жәрдемақы тағайындауды тапсырды. Атаулы әлеуметтік көмектің нәтижесінде 2019 жылы 830 мыңнан астам адам, оның ішінде 550 мыңдай бала қамтылатын болады. Көп балалы толық емес отбасы үшін жұмыс істеуге жағдай жасау керектігі айтылып, ал ауылдағы көп балалы отбасылар үшін жекелеген гранттар мен микронесиелерге квоталар бөлуді тапсырды. 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджеттік саладағы еңбекақысы төмен қызметкерлердің жалақысын 30%-ға өсіру, облыстық және аудандық деңгейде азаматтармен жұмыс істейтін атқарушы органдардың төменгі саты қызметкерлерінің жалақысын 20%-ға арттыру үшін 2019-2021 жылдары қосымша 980 миллиард теңге бөлінетінін айтты. Әр отбасының әл-ауқатын арттыру шараларын күшейтудің маңыздылығын айта келе, бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауылшаруашылығы, т.б. салалардағы 1 миллионға жуық адамдар қамтылатынын тілге тиек етті. Сонымен қатар Астана, Алматы, Шымкент секілді ірі қалалар маңындағы тұрғындарының мәселелерін шешу үшін 90 миллиард теңге 2019-2021 жылдары бөлінетін болды. 40 мыңнан астам арендалық баспана алуды, 7 жыл ішінде жыл сайын 50 миллиард теңге бөлініп отыру тапсырылды. Сол сияқты газдандыру мен электр жүйесіне байланысты 190 миллиард теңгеге жуық қаражатты бөлу, демек 1 миллионнан астам адамды қамту жоспарланып отыр.
   Сьезд барысында партия органдарының 2015-2018 жылдардағы жұмысы туралы есебі тыңдалып, партияның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Алда тұрған барлық мақсаттарды жүзеге асыруын бақылауда Нұр Отан партиясының рөлі ерекше екенін баса айтып, барлық бағыттағы жұмыстарының жүргізілуінің бақылауды Елбасы «Нұр Отан» партиясына тапсырды. Сонымен бірге партияның саяси кеңесінің және орталық бақылау тексеру комиссиясының мүшелелері сайланып бекітілді. Алматинская областьнан барған 93 делегаттың қатарында біздің Ақсу ауданынан делегат ретінде съезге қатысу, Елбасымен жүздесу мүмкіндігіне ие болғаным мен үшін үлкен қуаныш және мәртебе. Партияның белсенді мүшесі және бастауыш партия ұйымының төрайымы ретінде алдымызда тұрған мақсаттарды жүзеге асыруға қашан да өз үлесімді қосамын және барлық партияластарымды мемлекетімізді дамыту жолында еңбек етуге шақырамын.

Ибраимова Рахат Нигметбековна –Е.Сиқымов атындағы орта мектеп директоры, облыстық мәслихат депутаты, «Шоңай батыр» БПҰ-ның төрайымы