«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында аясында » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында аясында
03
декабрь
2017

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында аясында

Еліміздегі саяси реформа және экономикалық жаңғырумен қатар рухани жаңғырудың, ұлттық сананың жаңғыруының аса маңызды процесс екенін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетіп берді. «Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты... Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол-әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу»,-дей келе, XXI ғасырдағы ұлттық сана туралы және таяу жылдардағы міндеттер туралы жан-жақты, терең талдап берді. Бұл мақала көзі қарақты, көкірегі ояу әр қазақстандықты елең еткізіп, салмақты ой салды. Елбасымыз өзінің мақаласында бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы сынды бағыттарды айқындап берді. Сонымен қатар мемлекетімізді дамытып, рухани құндылықтарымызды сақтау үшін аса маңызды болып табылатын таяу жылдардағы міндеттерді айқындап, нақты жүзеге асырылатын жобаларды да саралап берді. Біртіндеп латын әліпбиіне көшу, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» сияқты аса маңызды жобалармен қатар «Туған жерге туыңды тік», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» сынды жобаларды ұсынды. «Туған жерге туыңды тік» акциясы ауданымыздың әкімі Әділбек Егеубекұлының қолдауымен осыдан үш жыл бұрын басталып, жалғасын табуда. Бұл игі іс барлық мекеме басшылары үшін үлгі болды. Білім мекемелерінің басшылары мектеп ауласын көгалдандыру, безендіру сияқты жұмыстарын осы акция аясында жүзеге асыруды қолға алдық. Биылдың өзінде Е.Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» КММ бойынша «Туған жер» бағдарламасы аясында мектеп ауласын көгалдандыруға байланысты жеке кәсіпкер, мектеп түлегі С.Дауытов бастаған түлектердің демеушілігімен 350 мың теңге қаражатқа 50 түп қарағай, туя, арша, шырша ағаштары отырғызылып, «Мәңгілік ел» аллеясы ашылды. Бұл шараға мектеп түлегі, ауданның құрметті азаматы Б.Еркенов те үлесін қосып,100 мың теңгеге 4 түп шырша алып берді. Жеке кәсіпкер Ж.Тілеужановтың демеушілігімен 100 мың теңге қаражатқа мектептің мәжіліс залының сахнасы жасалынды. Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы, мектеп түлегі С.Жакупов 100 мың теңге көлемінде демеушілік жасап, мектептің ауласын абаттандыруға ықпал етті. Осы мақсатта 150 мың қаражатқа оқушылар демалатын орын жасадым. Аз да болса теңізге қосылған тамшыдай ғана демеушілік көмегім басқа ұстаздар мен түлектерге үлгі болды. Мектеп ауласын гүлдендіруге бәрі де ат салысты. Мақалада атап көрсетілген басқа жобалардың жүзеге асырылуына да үлкен мән беріп, қол ұшымызды тигізуге қашан да дайынбыз. Патриотизм кіндік қаны тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қала мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сондықтан да жалпыұлтттық партиотизмнің нағыз өзегі болып табылатын «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру – әр қазақстандықтың борышы. Мемлекетіміздің табысты болуының ең басты факторы- білім екенін әр азамат терең түйсінуі қажет. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» - дегендей, болашағымыз жарқын болсын. Болашағы біртұтас ел ғана Мәңгілік Ел болмақ.

Р.Н.Ибраимова – Е.Сиқымов атындағы

орта мектебінің директоры,

облыстық мәслихаттың депутаты


Похожие публикации: