1 қазан «Қарттар күні» мерекесі » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
01
октябрь
2019

1 қазан «Қарттар күні» мерекесі

Мектебімізде 25 қыркүйек -01қазан аралығында 1 қазан «Қарттар күні» күнін өткізу туралы іс-шара жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді. 25 қыркүйек- 01 қазан күндері 2-11 сыныптар арасында «Қарттарым — асыл қазынам» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. «Қарияларға қамқорлық көрсетейік» тақырыпта акция ұйымдастырылып, 9 а, 9 ә сынып оқушылар, сынып жетекшілері Ардагүл Нұрханқызы және Тұрсынқызы Нүрия тыл ардагері Әлімбаев Алтайды құттықтады. Педагог-ұйымдастырушы Д.Салиева өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерімен «Қартқа бізден құрмет» тақырыбында қарт ұстаз Зауреш Нұрқасенқызымен кездесу ұйымдастырды. 40 жылдан астам мектебімізде орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, ардагер ұстаз Османбекова Факия Рахимбекқызының үйіне 6 а, 6 ә сынып оқушылармен сынып жетекшілері құттықтап қайтты. Тыл ардагері, он құрсақ көтерген алтын алқа иегері Бейсембаева Қуаныш Қожахметқызы және алтын алқа иегері Нұрмухамбетова Уазипа апайды 8 а, 5 а, 5 ә сынып оқушылары құттықтап, естелік суретке түсті. Мектеп директоры, облыстық мәслихат депутаты Рахат Нығметбекқызы, 11 а сынып оқушылары және сынып жетекшісі Бакимбаева Гүлмира жалғыз басты қарт ана Тұтқынбаева Жұмахан апайды құттықтады. Қарт анаға оқушылар арнауларын оқыды. 4 а, 4 ә сынып оқушылары сынып жетекшілері Рымхан Тәсібекқызы және Айнұр Ақылбекқызымен бірге жалғыз баста ана, 40 жылдан аса Сағабүйен ауылы, Т.Тоқтаров атындағы орта мектепте лаборант қызметін атқарып, еңбек демалысына шыққан Сауранбаева Уазипа апайды құттықтап, естелік суреттке түсті.

Рахат Нығметбекқызы Жұмахан апаймен бірге

                                                                        Тұтқынбаева Жаңыл апаймен кездесу сәті
                                                             Тыл ардагері Әлімбаев Алтай атамен кездесу сәті

Тыл ардагері, он құрсақ көтерген алтын алқа иегері Бейсембаева Қуаныш Қожахметқызымен кездесу.

                                                      Ардагер ұстаз Османбекова Факия Рахимбекқызымен

Жалғыз басты ана Сауранбаева Уазипа



                                                                                          Тәрбие сағаттарынан көрініс