2019-2020 оқу жылындағы күзгі демалыс кезіндегі атқарылған жұмыстар » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » 2019-2020 оқу жылындағы күзгі демалыс кезіндегі атқарылған жұмыстар
04
ноябрь
2019

2019-2020 оқу жылындағы күзгі демалыс кезіндегі атқарылған жұмыстар

 Мектепішілік жоспар құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Жоспарға сәйкес 28 қазан күні мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап –асыл мұра» кітап көрмесі ұйымдастырылып, 4 а , 4 ә сынып оқушыларын көрмемен таныстырды. 29 қазан күні 3 а, 3 ә сынып оқушылары барлығы 15 оқушы Ақсу ауылындағы І.Жансүгіров атындағы тарихи-мұражайға барып қайтты. 30 қазан күні бейнелеу пәнінің мұғалімі Б. Молдахметтің ұйымдастыруымен «Күз кереметі» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Байқаудың қорытындысы төмендегідей, 1 орын 5 ә сынып оқушысы Жұлдыз Ердос, 2 орын 5 ә сынып оқушысы Жарқынәлі Баққұт, 3 орынды 6 а сынып оқушылары Серікқызы Мадина және Қалибайқызы Еркежан иеленді. 31 қазан күні педагог-ұйымдастырушы Д.Салиева 9-10 сынып оқушыларымен «Мамандықтың қыр-сыры» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.