14
март
2022
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»
«Қазақта ауруын жасырған өледі» деген нақыл сөз бар. Ендеше жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақта үздіксіз ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған мақсаттарымызға қол жеткізе аламыз. Осыған орай мектебімізде 3-ші наурыз күні мектеп оқушылары ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұғым қалыптастыру арқылы адал ұрпақ тәрбиелеу мақсатында
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында мектепішілік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар өлең шумақтарын оқып, "Өкініш" атты қойылым көрсетті. Сонымен қатар "Жігер" дебаттық клубы оқушылары "Сыбайлас жемқорлық- қоғамға төнген қауіп" тақырыбында пікірсайысқа түсті. Пікірсайыс барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық ұғымы, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы мәселелерді талқылады. Мектебіміз түлегі, ауданымыздың құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбаев Амантай Айтбайұлы қатысып, оқушыларға жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар ауданымыздың ішкі саясат, мəдениет, тілдерді дамыту жəне спорт бөлімінің басшысы Қасымбеков Нұрбол Нұрбекұлы іс-шараны тамашалап, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздармен марапаттады.