Ресурстық орталық-шағын жинақты мектептің білімдік ресурстарын үйлестіру механизмі » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Ресурстық орталық-шағын жинақты мектептің білімдік ресурстарын үйлестіру механизмі
05
декабрь
2018

Ресурстық орталық-шағын жинақты мектептің білімдік ресурстарын үйлестіру механизмі

Ресурстық орталық-шағын жинақты мектептің білімдік ресурстарын

 үйлестіру механизмі

      Алматинская область Ақсу ауданы Жансүгіров ауылындағы «Е.Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» отдела образования Кербулакского районанің базасында облыстық білім басқармасының 06.06.2011 жылғы №217 «Ресурстық орталық құру туралы»  бұйрығының негізінде ресурстық орталық ашылған болатын. Осы ресурстық орталыққа қарасты магниттік мектептер болып Н.Есеболатов, Т.Тоқтаров, Қ.Терібаев және Қаракемер орта мектептері бекітілген. 2016 жылға дейін осы аталғаг мектептермен бірлескен жұмыстар жүргізіліп келсе, аудандық білім бөлімінің 13.01.2016 жылғы №15 «Ресурстық орталыққа магниттік мектептерді бекіту туралы» бұйрығының негізінде Н.Есеболатов мектебінің шағын жинақты мектептер қатарынан шығуына байланысты орнына Қарашілік орта мектебі магниттік мектеп болып бекітілді.

        Құрылғаннан бері ресурстық орталық жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді. Жалпы ресурстық орталық- шағын жинақты мектеп оқушыларына базалық және бейіндік оқыту мен тәрбиелеу негізінде олардың қабілеттерін, жеке бейінділік ерекшеліктерін ескеретін сапалы білім беруді қамтамасыз етеді.  Ресурстық орталықтың миссиясы   құрамына енетін білім мекемелерінің кадрлық, материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік потенциалын бірікітіріп, ауылда толыққанды, базалық және бейіндік білім беруді қамтамасыз ету болғандықтан біз өз алдымызға төмендегідей мақсат қойған едік: «Лучшийсіз білім беру үшін заман талабына сай нақты арнайы білімдерді меңгерген, ауқымды ақпараттарды өмірде қолдана білетін, бәсекеге қабілетті, адамгершілігі мол, дені сау түлек дайындау. Осы мақсатты жүзеге асыруда төмендегі міндеттерді алға қойдық:

-ресурстық және магниттік мектептерде оқу-тәрбие жұмыстарын интеграциялау негізінде бірыңғай білім беру кеңістігін құру;

-оқу –тәрбие жұмысының бірыңғай кестесін құру;

-ресурстық орталық мектептерінің бірыңғай режимі;

-кіріктірілген, бейінделген пәндер мен курстар жүргізу;

-базалық және қосымша білім беруді жүзеге асыруды оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету (аудиовизуалдық құралдар, дидактикалық материалдар, компьютерлер, бағдарламалар,үлгі қағаздар);

-бірыңғай әдістемелік кеңес құру;

-жалпы пікірлес педагогикалық ұжым, ғылыми-әдістемелік мәдениеттің белгілі бір деңгейін қалыптастыру;

-ресурстық орталықта басқару жүйесін құру;

-балаларды сессия кезінде әкелу,тұратын жерін және тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесін жасау;

-мамандардың түзету жұмыстарына сай педагогикалық, дәрігерлік, психологиялық мониторинг жасау;

-мұғалімдерді оқыту және қазіргі заманғы педагогикалық, ақпараттық технологияларды біртіндеп енгізу;

-материалдық техникалық база құру, ұйымдастыру жұмыстарын жүйелі жүргізу, РО аумағындағы компьютерлік желі және т.б.;

-оқу жүктемесінің өзгеруіне байланысты қаржыландыру және педагогтарды ынталандыру жүйесін жасау;

-реттеуші сипаттағы құқықтық құжаттарды дайындау.

     2017-2018 оқу жылына дейін ресурстық орталық 10-11-сынып оқушыларымен жұмыс жасап, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша негізінен биология, физика, география, математика сияқты пәндер оқытылды.  Магниттік мектептердің тірек мектебімен арақашықтықтары төмендегідей:

Қаракемер орта мектебі -12 шақырым;

Қарашілік орта мектебі – 31 шақырым;

Қуат Терібаев атындағы орта мектебі -7 шақырым;

Кенжыра орта мектебі- 30 шақырым.

      Жұмыс барысында ресурстық орталыққа магниттік мектептерден келетін оқушылардың саны анықталып, тізімі дайындалып аудандық білім бөліміне сұраныс берілді. Ресурсқа келген оқушыларды жатақхана бөлмелеріне орналастырылып, күн режимімен, мектеп жанындағы интернат жатақхана ережелерімен таныстырылды. Оқу-тәрбие үрдісі бойынша жоспарлар, ресурстық орталықтың жұмыс регламенті мен күн тәртібі бекітіліп, сабақ кестесі дайындалды. Сонымен қатар сабақ беретін пән мұғалімдері анықталынды.2017-2018 оқу жылына дейін қаралған қаражат мөлшері 1500000 теңгені құраса, 2017-2018 оқу жылында 1750000 қаражатқа өсті. Көктемгі және жазғы сессияларды 590 мың теңге қаражаттан мұғалімдердің еңбекақысы мен оқушылардың тамағына және русурстарға жұмсалса, ендігі кезекте өтілетін күзгі сессияға 570 мың теңге қарастырылып отыр.

     Жоғарыда аталған    магниттік мектептердің 11-сыныптары бойынша  күзгі сессияда 44 оқушы, көктемгі сессияда 48 оқушы қамтылды.  Жазғы сессия кезеңінде 11-сынып оқушылары ЕНТ-ға дайындалып, қорытынды аттестаттауға дайындалатындықтан, жазғы кезеңде  7-сыныптар бойынша 37 оқушы математика жаратылыстану бағыты бойынша оқытылды. 7-сыныпты таңдаған себебіміз, жаңартылған білім беру жағдайында жаңартылған білім беру мазмұнын меңгеріп жатқан оқушылар ресурстық орталықта қосымша білім алған жағдайда 5 жылда қандай өзгеріс, нәтиже болатынын байқау еді.

11-сыныптарда күзгі сессия кезеңінде төмендегі пәндер оқытылды: химия, биология, математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі және ағылшын тілі. Оқушылар эссе жазуға көмек қажет ететіндіктен, қазақ тілі сабағы қосылса, үштілділікке көшуге байланысты ағылшын тілін оқуға ниет білдірді. Көктемгі сессия кезеңінде математика, химия, биология, Қазақстан тарихы, физика және қазақ тілі пәндері оқытылды. Ал үшінші кезеңде-жазғы сессияда математика, биология, физика, химия, ағылшын тілі және информатика пәні оқытылды. Сабақ беруге тірек мектебінің мұғалімдері қамтылды. Магниттік мектептердің мұғалімдері кезекпен білімдерін жетілдіру курстарынан  өтулеріне байланысты тек тәрбиеші мұғалімдері мен сыныптан тыс шараларға жауапты қызметкерлері тартылды. Бірінші күні оқушылардан кіру тест жұмыстары алынып, қорытындысы шығарылып, соңғы күні шығу тест жұмыстары алынды. Мысалы тест көрсеткіштерінің салыстырмалы мониторингісіне талдау жасасақ, барлық пәндер бойынша 1-2 пайыз болса да өсу динамикасы байқалады. Кіру тест кезінде көрсеткіштер төмендеу болса, шығу тест кезінде өсім бар. Бұл бір жағынан балалардың алғашқы күнгі қобалжуымен түсіндірілсе, екіншіден, балалардың сессия кезеңінде аз да болса білімдерін жетілдіруіне байланысты деген ой туындайды.

      Ресурстың алғашқы күнін бастап  мектеп психологы Р.Баймолдаева тарапынан ресурстық орталық оқушыларының сессия кезіндегі ой-пікірлерін білу, пәнге деген қызығушылықтарын, көңіл-күйін анықтау мақсатында түрлі тақырыпта сауалнамалар алынып, нәтижелеріне талдау жасалынып отырды. Бұл қорытындылар оқушылардың көңіл-күйлерін, ресурстық орталықтың жұмысына, сабақ барысына деген көзқарастарын көрсетеді, болашақтағы жұмысты қалай өзгертуге болатынына бағыт береді.  «Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас», «Сыныптан тыс шаралар қаншалықты ұнады?», «Қандай пәндер қызықтырады?», «Сыныптан тыс шаралар көңіліңнен шыға ма?», «Ас мәзірі ұнады ма?» деген тақырыптардағы сауалнамалардың қорытындысы көңілге қуаныш ұялатты. Бұл оқушылардың көзқарастарының өте жақсы екенін көрсетті. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес оқушылардың бос уақыттарында сыныптан тыс шаралар мен спорттық жарыстыр ұйымдастырылды. Спорттық сайыстармен бірге «Сенімділік кілті» атты тренинг, «Ғажайып физика», «Сөз мерген», «Асыл сөз» сайыстары, «Өз құқыңды білесің бе?» дебат, т.б. шаралар оқушылардың бір-бірімен ынтымақтастықта топпен жұмыс жасауларына, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнатуларына зор ықпал етті. Сонымен қатар сессияның соңына қарай үнемі эссе алынып отырды. «Менің ресурс орталығындағы күндерім», «Арманға қайтсем жетемін?»,т.б. тақырыптар оқушыларға ой салды деуге болады.

       Жалпы ресурстық орталықтың балаларына жақсы жағдай жасалынды деуге болады. Өйткені мектептің материалдық-техникалық базасы, мектеп жанындағы интернат жатақханасының жаңа заман талабына сай жабдықталуы, мектептің 2015 жылы қайта жаңғыртудан өтуі, мектеп ауласының көгалдандырылуы мен гүлденуі, демалыс орындарының болуы, мектеп асханасының талапқа сай болуы ресурс жұмысына оңтайлы әсер етті. Жатын бөлме саны27 болса, әр бөлмеде үш оқушыдан жатады. Жатақхананаың жалпы алаңы-1194 шаршы метр болса, жатын бөлмелердің аумағы-500,1 шаршы метр. Екі спорт зал мен бір сыртқы спорт алаңы, мәжіліс залы бар. Оқушылардың ақпараттық технологияларды да кеңінен меңгеруге мүмкіндіктері бар, мектеп барлығы 120 компьютер, бір мультимедиялық кабинет, 3 жылжымалы проектор, 7 интерактивті тақтамен қамтылған. Интернет желісі қол жетімді, оқушыларды қашықтықтан оқуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар  Bilim-media, Dostyk Bilim, E-Sabak.kz, Smart Bilim, Matematica.clab, Talapker.kz, Bilim-Land электронды оқыту жүйесі арқылы да білімдерін кеңейту қарастырылған.

     Тірек мектебі бойынша 2017-2018 оқу жылында педагог мамандардың жалпы саны- 43 болса, оның жоғары білімдісі -32 (74,4%), жоғары санатты- 4 (9,3%), 13-санатты -13 (30,2%)  , 12-санатты - 9 мұғалім (20,9%), білім магистрлерінің саны-5. Соның ішінде жаңартылған білім мазмұны бойынша білімдерін жетілдірген мұғалімдер 15–ол 34,8% құрайды, деңгейлік курстан өткені -11, ол 25,5  % , мектеп көшбасшысы-басшылық курстан өткені-1 (Мектеп директоры). Сонымен қатар мектепте 3 тренер, 1 үйлестіруші, «Жас мамандар» мектебі, шығармашылық топ, «Озат тәжірибе» мектебі жұмыс жасайды. Осылайша ресурстық орталық шағын жинақты мектептердің оқушыларының сапалы білімге қол жеткізулеріне, жан-жақты тәрбие алуларына өзіндік үлес қоса отырып, іс-тәжірибемізді аудан, облыс деңгейінде бұқаралық-ақпарат беттеріне де жариялап келеміз: «Қазіргі жағдайда ШЖМ-гі білім беру үдерісін ұйымдастыру», «Ресурстық орталық жұмысын ұйымдастыру», т.б. 2017 жылы  облыстық «Лучший ресурстық орталық» байқауында жүлделі 2-ші орынға ие болсақ, 2018 жылы республикалық байқауда «Білім және тәрбие» номинациясына ие болдық. Болашақта да магниттік мектеп оқушылары туралы деректер қорына, оқу жетістіктеріне, кіру және шығу тест қорытындыларына талдау мен мониторинг жүргізу, оқушылардан сауалнамалар мен кері байланыс алу, пән мұғалімдерінің рефлексивті есептеріне талдау жасау арқылы оқыту мен оқу сапасын дамыту, түрлі жарыстар мен сайыстар, сыныптан тыс шаралар арқылы  кабілеттерін дамыту-басты мақсатымыз болып отыр.Сондықтан да алдымызға тірек метебінің жұмысын жоба ретінде жоғарғы оқу орындарымен байланыста жүзеге асыруды жоспарлап, алғашқы кезеңінің жұмысын бастадық.

 

 

 

 Р.Н.Ибраимова-Е.Сиқымов атындағы

                                                                                                     орта мектеп директоры, облыстық

мәслихат депутаты, «Шоңай батыр» 

БПҰ-ның төрайымы