Мероприятие » Страница 16 » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
"Педагогикалық тандем"
14
февраль
2023
"Педагогикалық тандем"
Аудандық "Педагогикалық тандем" әдістемелік жәрмеңкесіне мектебіміздің жас маманы, бастауыш сынып мұғалімі Э.Иманбаева мен тәлімгер маман, бастауыш сыныптың мұғалімі М.Мұхамедиева қатысып, жүлделі 1-орынды жеңіп алды. Жаңадан педагогикалық еңбек жолын бастап жатқан мамандар үшін бұндай байқаулардың рөлі зор. Преподавателиге қолдау көрсетіліп, өздеріне деген сенімдерін арттыратын шаралар жас  мамандардың алдына нақты мақсат қойып, бағдарын айқындай түседі. 
«Тәуелсіз Жаңа Қазақстан»
13
февраль
2023
«Тәуелсіз Жаңа Қазақстан»
Оқушыларды қосымша біліммен қамту бойынша  аудандық өнер мектебімен, соның ішінде облыстық Сүйімбай атындағы филормония мамандарымен бірлескен жұмыс өз нәтижесін беруде. Оқушыларымыз Алиев Асылжан Республикалық «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты байқауда  аспапта ойнау номинациясы бойыша 2-орын, Бақберген Лира Республикалық шығармашылық орталығы «Қиял әлемі» атты Республикалық сурет байқауында 1-орын, Қадырәлі Ақмейыр Республикалық «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты байқауда  аспапта ойнау номинациясы
"Оқуға құштар мектеп"
11
февраль
2023
"Оқуға құштар мектеп"
Мектеп жанындағы интернат оқушыларының "Оқуға құштар мектеп" жобасы  аясында  кітап оқуға уақыттары да жеткілікті, мүмкіндіктері де бар. Арнайы кітап оқитын орындары жайлы, шағын кітапханалары қажеттілігіне орай мектеп кітапханасындағы жаңа кітаптармен алмастырылып,  жаңартылып отырады. Әр аптаның соңында оқыған шығармалар талданып, оқушылар жазба жұмыстарын орындайды. Оқу жылының соңында ең үздік оқырманды анықтай отырып, қорытындысын шығаратын боламыз. Бұл жоба арқылы оқушылардың дүниетанымы,
"Хантәңірінің мұзбалақ-Мұқағали" атты  әдеби сазды кеш
10
февраль
2023
"Хантәңірінің мұзбалақ-Мұқағали" атты әдеби сазды кеш
"Күпі киген қазақтың қара өлеңін,  шекпен жауып өзіңе қайтарамын," деп Мұқағали Мақатаев өзі айтқандай,  ақынның өміршең, жауқазын  жырларын ұрпақ санасында мәңгілік қалдыру мақсатында мектебімізде "Хантәңірінің мұзбалақ-Мұқағали" атты  әдеби сазды кеш өтті. Кеште  оқушылардың орындауында ақынның: "Қара өлең", "Фариза", "Отан", "Қазақстан", "Шеше сен бақыттысың", "Поэзия", "Арыз жазып кетейін", "Ақ кимешек көрінсе" атты өлеңдері мәнерлеп оқылып, "Есіңе мені алғайсың", "Бақыт"  атты ақынның
"Оқуға құштар мектеп "жобасы
10
февраль
2023
"Оқуға құштар мектеп "жобасы
Мектеп жанындағы интернат оқушылары мектепішілік шараларға белсене қатыса отырып, интернат тарапынан да жеке  шаралар ұйымдастырады. Айтулы даталар аясында "Оқуға құштар мектеп "жобасы бойынша ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Есіңе мені алғайсың" тақырыбында шараларын жоғары деңгейде өткізді. Оқушылардың поэзияға, жалпы кітап оқуға ынталары мен қызығушылықтарының артуы-біз үшін үлкен қуаныш. Баладарды жан-жақты дамыту ісіне интернат тәрбиешелерінің де қосып жүрген үлесі зор. и
Мектебімізде 6 ақпан қазақтың бұлбұл әншісі Роза Тәжібайқызы  Бағланованың 100  жылдығына  арналған мерекелік кеш
06
февраль
2023
Мектебімізде 6 ақпан қазақтың бұлбұл әншісі Роза Тәжібайқызы
Мектебімізде 6 ақпан қазақтың бұлбұл әншісі Роза Тәжібайқызы  Бағланованың 100  жылдығына  арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды.  Кештің мақсаты: Қазақ өнеріне еңбегі сіңген, ән өнерінің майталманы, бұлбұл әнші Роза Бағланованың өнегелі өмірін келешек ұрпақтың жадында мәңгі сақтау. Кеш барысында мектеп оқушылары әншінің  репертуарындағы әндерді айтып, шығармашылығымен танысты.
«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын»
06
февраль
2023
«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын»
«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын»  дейді дана халқымыз. Осы орайда мектебіміздің түлегі, «LOGISTIC S» көлік компаниясының қызметкері  Смағұлбеков Руслан өзі білім алған мектебіне келіп, оқушыларымызды ынталандыру мақсатында көптеген жарыстар мен байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған, дарынды оқушыларымызға қаржылай сыйлығын тарту етті.
"Отбасы және мектеп" жобасы аясында "Бақытты отбасы, бақытты балалар" тақырыбында кездесу өтті.
06
февраль
2023
"Отбасы және мектеп" жобасы аясында "Бақытты отбасы, бақытты балалар"
Ақпан айының 6 күні мектебімізде "Отбасы және мектеп" жобасы аясында "Бақытты отбасы, бақытты балалар" тақырыбында 8 сынып ата-аналармен дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Дөңгелек үстел мақсаты: Отбасыныдағы ата-анамен баланың арасындағы мейрімді қарым-қатынасты нығайту. Кездесу мектеп психологінің “Біз біргеміз” атты ортанғы сынып оқушыларының ата-аналарымен  және сол сыныптың жетекшілерімен психологиялық тренинг өркізді. Мақсаты: Мектеп пен отбасының қарым-қатынасын жақсартуға жағдай
,
03
февраль
2023
,
Мектебімізде ақпанның 03 күні тәрбие саласымен Ақсу ІІБ-мен біріккен жоспарыдың негізінде кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Кездесу  барысында Ақсу аудандық полиция бөлімінің ювиналды  полиция тобының  аға инспекторы подполковнигі Нұрлыбекова Қарақат  Дәулетовна    жасөспірімдер арасында  жие орын алатын құқық бұзушылық,   буллинг, кибербуллинг туралы айтып, оқушыларды заңға, өмірлеріне қайшы келетін ерсі қылықтарға бармауға шақырды.  
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
01
февраль
2023
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
Ақпан айының 1-2 күндері «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектебімізде оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру мақсатында жүргізіліп жатқан жобаның І жарты жылдық қорытынды іс-шаралары өткізілді. Іс-шарада  «Қуыршақ» театрына  2 «а» сыныбы «Бауырсақ» ертегісін, 2 «ә» сыныбы «Үйшік» ертегісін, 3 «а» сыныбы «Жеті лақ»